«Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының «Power Week: Күш пен жігер» атты әдістемелік онкүндігі аясында Ақбөбек Жұмасерікқызының ұйымдастыруымен 21/24.31 тобының студенттеріне арналған «Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы және оны үйрету әдістемесі (ЖИ элементтерімен)» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың басты ерекшелігі — оқу үдерісінде жасанды интеллект (ЖИ) элементтерін қолдану арқылы студенттердің практикалық дағдыларын жетілдіруге басымдық берілуі. Заманауи цифрлық технологияларды пайдалану негізінде қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын талдау, қозғалыс әрекеттерін салыстыру және жүгіру кезіндегі негізгі техникалық қателіктерді анықтау жолдары қарастырылды.
Сабақ барысында студенттер қысқа қашықтыққа жүгірудің негізгі кезеңдерімен танысып, жүгіру техникасын дұрыс орындаудың маңызын түсінді. Теориялық білім практикалық жаттығулармен ұштастырылып, білім алушылардың жылдамдық, ептілік, үйлесімді қозғалыс және өзіндік талдау дағдыларын дамытуға көңіл бөлінді.
Жасанды интеллект элементтерін оқу үдерісіне енгізу студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырып, дене жаттығуларын орындау сапасын бағалауға және заманауи технологиялардың спорт саласындағы мүмкіндіктерін тануға жол ашты.
Осындай ашық сабақтар болашақ дене шынықтыру мамандарының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, инновациялық әдістерді тиімді пайдалануға және білім беру үдерісін жетілдіруге ықпал етеді.
💪 Күш пен жігер — жетістіктің негізі, ал білім мен технология — болашаққа бастар жол!
