🏐 «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының «Power Week: Күш пен жігер» атты әдістемелік онкүндігі аясында 21 қазан күні волейболдан «Достық CUP» облыстық турнирі өтті.
💪 Турнирдің басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, волейбол спортын дамыту, спортшылардың шеберлігін шыңдау, командалық рухты қалыптастыру және білім беру ұйымдары арасындағы достық байланысты нығайту.
🔥 Жарыс барысында қатысушы командалар өздерінің жоғары дайындық деңгейін, шеберлігін және жеңіске деген жігерін көрсетті. Әр ойын тартысқа толы болып, қатысушыларға ерекше спорттық көңіл күй сыйлады.
🏆 Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 І орын – Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі
🥈 ІІ орын – Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
🥉 ІІІ орын – Атырау жоғары медициналық колледжі
🎉 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушы командаларға белсенділік, тартысты ойын және спорттық достық үшін алғыс білдіреміз.
🤝 Осындай жарыстар жастарды бірлікке, табандылыққа және салауатты өмір салтына баули отырып, спорт арқылы достықты нығайта түседі.
