You are currently viewing Оқытушы жұмысындағы жасанды интеллект

Оқытушы жұмысындағы жасанды интеллект

«Экономика» кафедрасының онкүндігі аясында Молдашева Р.Ж. оқытушысының ұйымдастыруымен
«Жасанды интеллект – оқытушының көмекшісі: сабаққа дайындықтан бастап студенттерді бағалауға дейін» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.

Шеберлік сабағының мақсаты – оқытушыларды жасанды интеллекттің заманауи мүмкіндіктерімен таныстыру және оны білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдарын көрсету болды. Қатысушылар жасанды интеллект технологияларының сабаққа дайындалу, оқу материалдарын, тест тапсырмаларын және презентациялар әзірлеу барысында, сондай-ақ студенттердің білімін бағалау кезінде қалай пайдалануға болатыны туралы мәлімет алды.

Іс-шара барысында оқытушының жұмысын жеңілдетіп, күнделікті қайталанатын тапсырмаларды автоматтандыруға мүмкіндік беретін түрлі цифрлық құралдар таныстырылды. Студенттердің жұмыстарын талдау, тапсырмаларды тексеру және сапалы кері байланыс беру үшін жасанды интеллектті қолданудың нақты мысалдары қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Сонымен қатар, цифрлық технологияларды қолданудағы академиялық адалдық және этика мәселелері де талқыланды. Қатысушылар жаңа технологияларды пайдалану мен студенттердің өз бетінше ойлау қабілетін дамыту арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажеттілігі туралы пікір алмасты.

Шеберлік сабағы белсенді әрі мазмұнды түрде өтіп, тәжірибе алмасуға, заманауи білім беру үрдістерін талқылауға және оқытушылардың цифрлық құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік берді.