Колледж тарихы

Біз қашаннан «Дүниенің кілті – оқу-білімде» деген ата сөзін ұстанған, табиғатынан жаны білуге, үйреніп-түюге құмар дана халықпыз.
Жылдармен жаңаланып, ақпараттар ағынына ілесіп, заман талабынан көрініп жүрген облыстағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі – Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі.  Тарихи қадамы тым аз болса да, тәжірибеге бай білім шаңырағы 20 жылға жуық кәсіби сапалы мамандар даярлау ісімен айналысып келеді.
Колледж миссиясы: Жаңа нарық жағдайында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие болашақ маман тұлғасын қалыптастыру және дамыту.
Пайымдауы: «5 жылдық келешекте: Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі – бұл кәсіби білімнің инновациялық тәсілдерін және тұрақты даму қағидаларын басшылыққа ала отырып, өз миссиясын сәтті іске асыратын және еліміздің гүлденуіне үлесін қосып келе жатқан білім ордасы»
Бүгінгі таңда 18 мамандық бойынша кәсіби мамандар дайындап отырған білім ордасы мемлекетімізбен бірге жетіліп, өркендеп, жылдан-жылға өрістей даму үстінде. Бүтіндей бір елдің қаншама буын ұрпағын тәрбиелеп шығарған киелі қара шаңырақтың ел тарихындағы алатын орны ерекше.
Оқытылатын мамандықтар классификациясы
1) 02310100 Аударма ісі (түрлері бойынша)
4S02310101 Аудармашы
2) 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
4S06130103 Бағдарламалық қамтамасыздандырудықұрастырушысы
4S06130105 Ақпараттық жүйелер технигі
3) 04120100 Банк және сақтандыру ісі
4S04120103 Банк операциялары жөніндегі менеджер
4) 01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі
4S01140101 Бастауыш білім беру мұғалімі
4S01140102 Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі
5) 04110100 Есеп және аудит
4S04110102 Бухгалтер
3W04110101 Бухгалтер-кассир
6) 04210100 Құқықтану
4S04210101 Заңгер
7) 07151100 Машиналар мен жабдықтарды пайдалану(өнеркәсіп
салалары бойынша)
4S07151102 Техник-механик
8) 04130100 Менеджмент (қолдану салалары бойынша)
4S04130101 Менеджер
9) 07240900 Мұнай және газ кен орындарын пайдалану
4S07240902 Техник-технолог
10) 07110500 Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы
4S07110502 Техник-технолог
11) 01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың
педагогикасы мен әдістемесі
4S01140601 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
12) 07140100 Технологиялық процестерді автоматтандыружәне басқару
(бейін бойынша)
4S07140102 Техник-электромеханик
13) 07130100 Электр жабдықтары (түрлері және салаларыбойынша)
4S07130103 Техник-электрик
14) 07130200 Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)
4S07130202 Техник-электрик
15) 01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
4S01120102 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуұйымдарының
тәрбиешісі
16) 01140500 Дене тәрбиесі және спорт
4S01140501 Дене тәрбиесі мұғалімі
17) 06120100 Есептеу техниксы және ақпараттық желілер (түрлері
бойынша)
5АВ06120101 Есептеу техникасы және ақпараттық желілердің
қолданбалы бакалавры
18) 01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі
5АВ01140101 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі
қолданбалы бакалавры

Жекеменшік білім беру мекемесі Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі өзінің білім беру қызметін 2004 жылы 14 маусымда №6484-1915-М мемлекеттік лицензиясын алып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзін-өзі қаржыландыру шартымен ұлттық білім беру жүйесі шеңберінде бастады. Колледж екі рет мемлекеттік аттестаттаудан өтіп және бәсекеге қабілетті маман дайындаудағы нәтижелі еңбегінің арқасында 2018 жылы «жоғары колледж» статусына ие болса, 2020 жылы «ARQA» Халықаралық аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттігінің институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуінен өтті.
Колледж құрылған алғашқы уақытта басшылық қызметте Мукушова Гульнара Кабдешовна болды.
Оқу орны тарихының жарқын бір беті – ҚР Білім беру ісінің үздігі Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызының есімімен тікелей байланысты. Колледждің жаңа мамандықтар бойынша білім беруі, оқу ғимараттарының ашылуы, материалдық-техникалық базасының нығайтылуы, колледж жанындағы «Сенім» элитарлық мектеп-балабақша кешенінің» ашылуы – киелі шаңыраққа шынайы иелік жасаған Бақытгүл Қайыржанқызының басшы ретіндегі жасампаз қолтаңбасы.
Одан кейін колледж басшылығының тізгінін Рысқалиев Болат Құлмұханұлы қолына алып, жемісті еңбек етті. Ол өз кезегінде колледж ғимараттарының бой көтеруіне және жоғары колледж атануына зор еңбек сіңірді.
Бүгінгі таңда колледж басшысы Мухтаров Мустахим Харенович ұжыммен жоғары деңгейде жемісті жұмыстар атқаруда.
Колледжде болашақ маман тәрбиесіне ғұмырын сарпыған, халқының игілігі үшін жанын сала еңбек еткен азаматтар аз емес. Осы колледжде ұзақ жылдар жемісті қызмет еткен ардагер ұстаздар мен қызметкерлердің еңбектерін мақтанышпен атауға болады. Атап айтсақ, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Лапиденова Маржан Сисекенқызы, Орынбасарова Аққу Елемесовна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Унаева Әлия Зинушқызы, өндірістік іс тәжірибе жөніндегі орынбасары Ахметова Айнагүл Мақсотқызы колледж игілігі үшін аянбай қызмет етті. Сонымен қатар, Мальгиждарова Гульшат Кажыкеновна, Иманғалиева Галина Сәлімқызы, Асқарова Маржан Дыбысқызы, Блялова Бағила Қырымқызы, Бименова Гульмира Ерғалиқызы, Абдрахманова Бақытжамал Насихатқызы, Броварник Ирина Анатольевна, Иманғазы Амангелді Айсаұлы, Жақсиев Коля Жұмашұлы, Қожрақова Майра Жәнекешқызы, Жүсіпова Гүлбаршын Саламатқызы, Сүлімова Маржангүл Көбейқызы, Қазбаева Биғайша Қойшықызы секілді ардагер ұстаздарымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі еңбегі колледж тарихында қалды. Бүгінгі күні колледждің өркендеуі жолында қызмет етіп жүрген директор орынбасарлары Кабдирова Нұрлан Хамидоллақызын, Бажбенова Назымгүл Берекетқызын, Жакупова Толқын Сейткерейқызын, Каражанова Ғалия Құбайдоллақызын, Бурлакова Елена Николаевна,Саргалиева Салтанат Косаевнаны және Рахметова Фариза Сембаевнаны ерекше атауға болады.
Колледж ұжымы заманауи үдерістерге үн қосып, республика деңгейіндегі жобаларды оқу процесіне енгізу арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қамтамасыз етіп, рухани-адамгершілік құндылықтар аясында тәрбиелеуге ерекше назар аударады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген кемел мінезді, ойы, сөзі және ісі бірлікте болатын адам тәрбиелеу – қазіргі қоғамның басты қажеттілігі.
Бәсекеге қабілетті болу үшін уақытпен бірге қадам басып, жаңа технологияларды меңгеру, озық әлемдік тәжірибені зерделеу және енгізу қажет. 2010 жылы колледж Еуропалық Одақтың «ҚР-да кәсіптік-техникалық білім беруді қолдау» бағдарламасының толық құқықты қатысушысы болды. 2011 жылы «Қазақстан Республикасында кәсіптік-техникалық білім беруді қолдау» жобасы аясында Германия мемлекеті, Целле қаласы Аксель Брунс кәсіптік мектебінен Ахметова Айнагүл, Алтай Қадыржан, Шагирова Жұлдыз, Жұмаш Жансейіт тағылымдамадан өткен болатын.
2014 жылы Орынбасарова Аққу, Хаменова Динара, Сүлімова Маржангүл, Унаева Алия, Қуатова Айнұр Түркия Республикасы Стамбұл қаласында Қазақстан Республикасының кәсіптік-техникалық оқу орындарының оқытушыларына арналған тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында Стамбұл қаласындағы Ахмет Мертер мектебі, Доға колледжі, Шир орта мектептерімен танысты. Әріптестеріміз Түркияның білім беру жүйесімен танысып, түрлі сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасты.
2013 жылы қазан айының 21 мен қараша айының 1 аралығында Беларусь республикасының Минск қаласында Ишутина Ирина Рашидовна, Бурлакова Елена Николаевна, Абдрахманова Айбарша Сағынғалиқызы, Қазбаева Биғайша Қойшықызы «Құзіреттілікке негізделген модульдік бағдарламаларды дайындау және енгізу» тақырыбында тағылымдамадан өтті.
2012 жылғы қараша айында колледж «Техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңғырту» жобасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік Банктің бірлескен «Институционалды даму жоспары» байқауына қатысып, 1304000 «Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 380 000 АҚШ долларын құрайтын грантты иеленді. Аталған грант сомасына ақпараттық технология саласында заманауи құрал-жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз етулер, т.б қондырғылар сатып алынды. 2017 жылы қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын әзірлеуге кірісті. Жинақталған тәжірибе ұжымның жаңа деңгейге көтерілуге дайындығы туралы айтты. Бұл деңгей жоғары колледж мәртебесін алу міндетіне айналды. Мақсат қойылған, оған жету керек. 2018 жылы колледж жоғары колледж мәртебесін алды. Колледждегі білім берудің негізгі стратегиясы өзгеріссіз қалды: кәсіби қызметке, мансаптық өсуге білікті мамандарды даярлау және еңбек нарығында әрдайым сұранысқа ие болу. Бірақ, 2018 жылдан бастап, жоғары колледж орта білімнен кейінгі білім берудің интеграцияланған, практикаға бағытталған білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда. Оған 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (түрлері бойынша) мамандығы бойынша «қолданбалы бакалавр» дәрежесі беріледі. Ол бүгінде жаңа жіктеулерге сәйкес аталады. Біз 2 жыл, 10 ай оқу мерзімімен оқу-жұмыс бағдарламаларын әзірледік. Он айлық бағдарламаны бірінші болып әзірленген эксперименттік модульдік-құзыреттілік бағдарламасы бойынша оқытудан өткен колледж түлектері болды. Қазіргі уақытта бізде 10 айлық бағдарлама бойынша 3 шығарылым бар. Олардың жалпы саны 30-дан асады. Олардың көпшілігі Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде және жақын шет елдерде оқуын жалғастырды. Оқу мерзімі 2 жыл, 10 ай бағдарлама бойынша 2018 оқу жылында екінші шығарылым болды.
САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЯСАТЫ
Мемлекет, қоғам және жеке тұлғаның барлық талаптарына сай құзіретті мамандар даярлау.
Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін қызмет сапасын ұдайы жетілдіру.
Жоғары колледжде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мәселелерін жолға қою.
Білім алушыларды қазақстандық патриотизм рухында, жалпы адамзатқа деген сүйіспеншілік сезімінде тәрбиелеу.
6. Колледж әкімшілігі өз қызметін сапа саласындағы саясатпен тығыз байланыстырып жүзеге асыруға міндеттенеді.
Бүгінгі таңда Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі Республика көлемінде ғана емес, әлемдік деңгейде танымалдыққа ие болды деп нық сеніммен айтуға болады.  Оның жарқын дәлелі тәжірибе алмасу, тарату мақсатында колледждегі Қамқоршылық кеңесінің төрағасы «УОРЛИ ПАРСОНС» ЖШС-нің бас директоры – Имангалиев Талғат Асхатовичтың басшылығымен Еуропалық Білім Қорымен, Еуропалық Одақпен және өзге де халықаралық ұйымдармен, республикалық білім беру ұйымдарымен байланыс жасауға жол ашты. Түрлі жобалар шеңберінде колледж оқытушылары шетелдік алдыңғы қатарлы оқу орындарында тағылымдамадан өтті.
Халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Ресей Федерациясының «Әлемдік Экономика институтымен» және Астрахань мемлекеттік техникалық университетімен арнайы меморандумға қол қойылып, басты шарттар негізінде қызмет атқарылуда.
Колледж тиімді стратегиялық қадамдарымен қарқынды дамып келеді және нәтижесінде 2016 жылғы Ұлттық Бизнес Рейтинг көрсеткіштері бойынша «Сала көшбасшысы-2016» лауреаты атанды.
Бүгінде білім ордасынан тәлім алып, еліміздің түкпір-түкпіріне қанат қаққан әрбір түлегіміз бар жиған білімдерін жас ұрпаққа, өз халқының игілігіне арнағаны ақиқат. Оқытушылар құрамы сандық әрі сапалық жағынан өсті.
Облысымызға танымал іргелі білім ордасында 100-ден астам оқытушы жемісті қызмет атқарады. Олардың 24-і – жоғары санатты, білікті ұстаздар, 43-і магистр, біреуі – «Білім беру ісінің үздігі», екеуі ғылым кандидаты, 6-ы – Ы.Алтынсарин атындағы медаль иегері.
Колледж оқытушылары жаңашылдықпен, шығармашылық ізденіспен үнемі биіктерден көрініп жүр. Соңғы 3 жылдың ішінде оқытушылар облыстық, республикалық байқаулардан топ жарып, жүлделі орындарды иеленуде.
Колледжде 3 бөлім, 10 кафедра, Жас педагогтар мектебі, Педагогтардың озат тәжірибе мектебі жұмыс жасайды.
Соңғы 3 жылда 79 оқытушы 41 облыстық, республикалық деңгейдегі шараларға қатысты, оның ішінде 65 жеңімпаз атанды:
Халықаралық деңгейде – 4 оқытушы
10 республикалық шарадан – 32 оқытушы
15 облыстық шарадан- 19 оқытушы
12 қалалық шарадан -10 оқытушы
Жыл сайын колледж базасында оқытушыларға арналған төмендегігей конкурс-байқаулар жүйелі түрде жүзеге асырылады:
«Үздік жыл оқытушысы»
«Үлгілік оқу кабинеті»
«Үздік жыл кураторы»
«Оқытушының үздік электронды портфолиосы»
«Кафедра бойынша шығармашылық есеп»
«Менің үздік сабағым»
«Үздік ЦОР әзірлемесі»
Колледжде жыл сайын оқу-әдістемелік қызметке қатысты 20-ға жуық шара өткізіледі. «Үздік кәсіп иесі», «Педагогикалық оқулар», «Ғаламшарлар шеруі», Кафедра апталығы, техникалық шығармашылық байқауы және т.б. кәсіби байқауларды атап өтуге болады. Колледждегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.М.Ахметова «Үздік педагог – 2021» облыстық байқауына қатысып, республикалық «Үздік педагог – 2021» байқауына жолдама алған болатын. Сонымен бірге өткен жылы облыстық деңгейдегі «Креативті куратор» байқауында бақ сынаған колледж оқытушысы Орынбасаров Рахымжан Асқарұлы жеңіс тұғырынан көрініп, бас жүлдені ұтып алды.
Колледж қабырғасында білім алып жүрген бүгінгі студент – ертеңгі жас маман. Жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, ойы, сөзі бір кемел адамды тәрбиелеу – сол жас мамандардың қолында. Заманауи талаптарға жауап бере алатын, білімді де білікті маман даярлау – біздің мақсатымыз. Осы орайда жыл сайын білім алушылар қатарының артып отырғанын ерекше айтқым келеді.
Болашақ мамандарға сапалы білім алуға жағдай туғызу мақсатында колледждің материалдық-техникалық базасы үнемі жетілдірілуде. Білімді ақпараттандыру бүгінгі таңда білім беру жүйесін жаңартудың негізгі жолдарының бірі ретінде қарастырылады. Оқу кабинеттері жаңа технологиялық, ақпараттық құралдармен жабдықталған. Колледжде әр мамандықтың қажетіне сай бөлінген 300-ден аса компьютер, интернет кластар, 31 интерактивті тақтамен жабдықталған оқу және мультимедиа  кабинеттері, интернетке қосылуға мүмкіндік беретін wi-fi нүктелерімен кеңінен пайдаланылуда. Сонымен қатар студенттерге арналған 60 орындық жатақхана мен спорт алаңы  бар. Білім беру жүйесін автоматтандыру бағытында «Platonus Education Manager» платформасы жұмыс жасайды. Аталмыш құрылғылар тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың тиімділігін арттыруда.
Жоғары колледжде студенттерге бағытталған Жастар ісі комитетімен қоса, «Жас тарихшылар», «Шың», «Жас электрик», «Бағдарламашылар», «English Enjoy» мамандарын тарта отырып, мамандыққа бағдарланған 7 үйірме және 6 спорт секциясы (футбол, баскетбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ) және шығармашылық бағыттағы 11 үйірме жұмыс істейді.
WorldSkills Kazakhstan конкурсына Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі бірнеше жылдан бері қатысып келеді.
Мәселен, WorldSkills аймақтық чемпионатына студенттерді іріктеу үшін колледжде компьютерлік мамандықтардың ішкі конкурсы өткізіледі.
2019 жылы WorldSkills облыстық чемпионатында жоғары колледжіміздің студенттері жүлделі орындарға ие болды:
– «Компьютерлік графика» құзыреттілігі бойынша 2 курс студенті Розметов Уркен, 2 орын;
– «Робототехника» құзыреттілігінде 3 орынды командалық есепте 3 және 4 курс студенттері Леонов Владимир және Иванов Николай жеңіп алды.
– Сондай-ақ, «графикалық дизайн» және «желілік жүйелері» құзыреттіліктеріне қатысатын студенттер де қатысушы сертификаттарын алды».
2021 жылы 10 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында «WorldSkills Kazakhstan-2021» ұлттық чемпионатының қорытындылау шарасы өтті. Осы аталған чемпионатта жоғары колледжіміздің студенттері 2 қола және 1 медальон жеңіп алды. Атап айтсақ, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3 курс студенті Картмаганбетов Бахтияр «Бизнеске арналған IT шешімдер» құзыреттілігі бойынша , Васильев Виталий «Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу» құзыреттілігі бойынша қола жүлдені қанжығасына байлады. «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзіреттілігі бойынша Орынбаева Алина медальон иеленді.
2022 жылы да Нұр-Сұлтан қаласында «WorldSkills Kazakhstan-2022» ұлттық чемпионатқа колледжіміздің студенттері қатысып, нәтижесінде «Бизнеске арналған IT шешімдер» құзыреттілігі бойынша «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенті Канцев Артем медальон иеленді.
Жаңа бағалау жүйесін енгізу бағытында 2021 – 2022 оқу жылынан бастап қамқоршылық кеңес мүшелерінің қолдауымен қорытынды аттестаттау демонстрациялық емтихан түрінде өткізілді. ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЕМТИХАН – WorldSkills (Ворлдскиллс) талаптары бойынша нақты қызметтер мен өндірістік процестерді модельдеу жағдайында практикалық дағдыларды, білім мен дағды деңгейін көрсету және тәуелсіз сараптамалық бағалау рәсімін көздейтін ТжКБ ұйымдары түлектерінің біліктілік емтиханын және/немесе қорытынды аттестаттауын өткізу нысандарының бірі. Биылғы оқу жылында 4 мамандық бойынша 33 білім алушы қамтылып отыр.
Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің белсенді студенттері 2021 жылы 7 маусымда Алматы қаласында өткен “Almaty CUP” Республикалық пікірсайыс турнирінде 40 команданың ішінен топ жарып, ІІ орынды қанжығаларына байлады.
Алматы қаласында өткен «Жеті Өнер» ІІІ xалықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсында «xореографиялық өнер» соның ішінде «ұлттық би» номинациясы бойынша жоғары колледжімізден қатысқан студенттер «Бас жүлдеге» ие болды. «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша Хайруллаева Айнель ІІ орынмен марапатталды. Сонымен қатар, колледж жастар ісі жөніндегі комитет инспекторы Жалғас Бағытжанұлы Қазақстан Республикасының «Үздік көшбасшы педагог» куәлігімен және медалімен, «Үздік тәлімгер» номинациясымен марапатталды.
2021 жылы 6 қараша Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Қазақстан Студенттер Альянсы» студенттік қозғалысының ұйымдастыруымен ІІ республикалық Жастар ісі жөніндегі комитет шақырылымы слеті өтті. Слетқа колледж атынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жалғас Бағытжанұлы қатысты. «Жастардың өзін-өзі басқару органдары жүйесін дамыту» жобасы аясында Республикалық «Қазақстанның алтын жастары» сыйлығының «Колледждің ең үздік өзін-өзі басқару ұйымы» номинациясы бойынша жоғары колледжіміз жеңіп алды.
Ақын Сансызбай Құттыбаевтың құрметіне өткізілген “Шабыт өрені” Республикалық мүшәйрасында 350 үміткердің ішінен оқ бойы озып шығып, үздік 25 қатысушының қатарына еніп, Алматыға шақырту алған колледжіміздің 2 курс студенті Төремұратова Альбина жүлделі ІІ орынға және ақшалай сыйлыққа ие болды. Жетекшісі Рахымжан Асқарұлы ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хатпен марапатталды.
Жұмыс барысында қол жеткізген жетістіктеріміз үлгілі ұстаздарымыздың, ұжымның ерен еңбектерінің жемісі. «Ұйымдаса білген – ұтады» деген халқымыздың тәмсіл сөзіне ден қойсақ, жұмысы жүйелі жоспарланған, алар межесі анық айқындалған жерде жеңіс те, жеміс те болатынын бағамдаймыз. Сондықтан білім саласындағы атқарылуға тиісті түрлі іс-шараларды жүйелеп, зерделей отыра жүргізсек, әлі де талай биіктерге көтерілетініміз анық.

  • Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі (бұдан әрі — колледж)– әр түрлі мәдениет пен ұлт өкілдерін оқытатын тәуелсіз, жеке меншік білім беру ұйымы.

2020 жыл

Ахметова А.М. «Қазақстанның Алтын кітабы» «Успешные люди мира» сайтына енді
Абдрахманова А.С.  Үздік жас ғалым-2020 Наурыз,2020 І дәрежелі диплом Нұр-Сұлтан қаласы
Абдрахманова Б. Н.Конкурс профессионального мастерства «Мой лучший урок» январь, 2020 г., Атырау ПСВК1 место
Акбергенова А. Ш.Номинация «Портфолио педагога» в III Республиканском профессиональном конкурсе «Лучший учитель-2020», организованном Международным образовательным проектом «Planet Skills» І место
Ахмедиева А. Номинация «Презентация урока» в III Республиканском профессиональном конкурсе «Лучший учитель-2020», организованном Международным образовательным проектом «Planet Skills» ІІ место Сертификат
Броварник И. А.Участие в конференции «Будущее наступило, или как библиотеки спасли мир», 19-21 мая 2020
Иманалиева  С. Т.   Облыстық «Үздік өндірістік оқыту шебері- 2020» ІІ дәрежелі Диплом
 «ULY DALA USTAZY »Халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы «Үздік 100 автор- 2020» атты  республикалық ғылыми-педагогикалық жобасының  «Үздік эссе» номинациясы бойынша І- орын
Ищанова А. М.диплом 2 степени в Республиканском блиц турнире Смарт педагог, 26.05.2020.  №Т-0138391
Кенжебаева Н. Е.«Qaztest.kz»  І -Республиканский Олимпиада «Үздік психолог» 2020год  ІІ место Диплом №Д-131726
Куанышкаликызы М.Өрлеу» БАҰО  Облыстық «Қазіргі заманғы теориялық және тәжірибелік дағдылар – сапалы білім берудің негізі» тақырыбындағы педагогикалық оқулар ІІІ дәрежелі Диплом
Куатова А.З.                .Номинация «Презентация урока» в III Республиканском профессиональном конкурсе «Лучший учитель-2020», организованном Международным образовательным проектом «Planet Skills» ІІ место
Мурзашева С. Е.Облыстық «Қазіргі заманғы теориялық және тәжірибелік дағдылар – сапалы білім берудің негізі» тақырыбындағы педагогикалық оқулар ІІІ дәрежелі Диплом
Мухамбеталиева А. К.Номинация «Открытый урок» в III Республиканском профессиональном конкурсе «Лучший учитель-2020», организованном Международным образовательным проектом «Planet Skills» ІІ место
Нажмеденов О. М. .«Өрлеу» БАҰО «Қазіргі заманғы теориялық және тәжірибелік дағдылар- сапалы білім берудің негізі» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің педагогикалық оқуларының облыстық кезеңінде «Тарих,құқық негіздері және география,  өлкетану пәндері» секциясы бойынша жүлделі ІІІ орын. Атырау -2020
Саргалиева С. К.Облыстық «Үздік колледж әдіскер- 2020» байқауында «Жаңашыл-әдіскер» номинациясы Диплом.
 II-дәрежелі диплом ТКББҰ арасында өткізілген «Үздік арнайы пән оқытушысы» облыстық байқауы
Шахимова Алия Асылбекқызы  Педагог республикалық озат педагогтар порталының ұйымдастыруымен жалпы педагогтар арасында өткен «Үздік педагог-2020» атты Республикалық шығармашылық байқауына «Үздік физика пәнінің мұғалімі» номинациясы бойынша. Диплом І орын
 Колледжішілік «Қазіргі заманғы теориялық және тәжірибелік дағдылар – сапалы білім берудің негізі» тақырыбындағы педагогикалық оқулар І дәрежелі Диплом

2019 жыл

  • Ахметова А.М — Алтынсарин атын.медалі-2019, ҚР «Білім беру ісінің үздігі»-2019ж; Жоғары колледж 15 жылдығына арналған «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі-2019ж
  • Абдрахманова А.С- «Жеті Өнер» шығармашылық орталығы- «Үздік көшбасшы педагог» медалі-2019ж Алматы қ,
  • Абдрахманова Б.Н- «Білім шыңы» қоғамдық бірлестігі «Ең білімді педагог» төсбелгісі-2019ж және Алғыс хат-2019
  • Бағытжанов Ж.Б- «Жеті Өнер» шығармашылық орталығы- «Үздік көшбасшы педагог» медалі-2019ж Алматы қ,
  • Ишутина И.Р — Білім беру ісінің үздігі-2019 /төсбелгі/, 2019-Методическая копилька длы преподавателей
  • Қойшиева А.О- Жоғары колледж 15 жылдығына арналған «Үздік оқытушы» төсбелгісі-2019ж
  • Қуатова А.З- Жоғары колледж 15 жылдығына арналған «Үздік оқытушы» төсбелгісі-2019ж
  • Кубашева Р.К- Атырау облысы білім беру басқармасы Әдістемелік орталығы-2019ж «Алғыс хат», «Өрлеу»БАҰО-Құрмет грамотасы-2019
  • Блялова Б.К- Жоғары колледж 15 жылдығына арналған «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі-2019ж
  • Жұмағалиева А.С- «Мәртебелі педагог-2019″төсбелгі «Білім өркениеті» ғылыми-зерттеу орталығы-2019ж
  • Журканова А.К — Жоғары колледж 15 жылдығына арналған «Үздік оқытушы» төсбелгісі-2019ж
  • Забиева М.М- Облыстық білім беру басқармасының Алғыс хаты-2019ж
  • Иманалиева С.Т- «Өрлеу» білік. арттыру орталығы -2019ж.»Құрмет грамотасы»
  • Иманғалиева Г.С. — Жоғары колледж 15 жылдығына арналған «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі-2019ж
  • Лұқпанов С.Ө- Жоғары колледж 15 жылдығына арналған «Үздік оқытушы» төсбелгісі-2019ж
  • Нажмеденов О.М — Жоғары колледж 15 жылдығына арналған «Үздік оқытушы» төсбелгісі-2019ж
  • Рахметова Ф.С — «Өрлеу» білік.арттыру орталығы-Алғыс хат-2019
  • Сайынов А.- «Өрлеу» білік.арттыру орталығы-Алғыс хат-2019
  • Сарғалиева С.К- Обл.әдістемелік кабинет-2019ж «Алғыс хат»
  • Сарсенова Н- Респ.»Нұрсұлтан білім беру орталығы «-2019ж Алғыс хат
  • Унаева А.З- Алтынсарин атын.медалі-2019,  ҚР «Білім беру ісінің үздігі»-2019; Жоғары колледж 15 жылдығына арналған «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі- 2019ж

2018 жыл

  • Ахметова А.М- «Асыл ұстаз» төсбелгісі-2018,
  • Ищанова А.М — «Skills Academy» мекемесі «Құрмет грамотасы»-2018ж; Атырау обл.бойынша пед.қызметкерлер біліктілігін арттыру институты «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі-01.10.2018ж
  • Сеймова Н.Р — «Lider.kz» медалі-2018
  • Тукенова Ш.К — Атырау обл. Әдістемелік орталығы-2018ж «Алғыс хат», «Балдәурен» респ.орталығы «Алғыс хат»-2018
  • Қуанышқалиқызы М. – Облыстық педагогикалық оқу – 3 орын
  • Қисамеденов Б.Т. – Облыстық физика пәні оқытушыларының олимпиадасы — Алғыс хат
  • Куатова А.З. – Республикалық «Зият» байқауында 3 орын
  • Қырықбаева А.А. – облыстық педагогикалық оқу 3 орын
  • Мухамбеталиева А.Қ. — Республикалық «Зият» байқауында 3 орын

2017 жыл

  • Ахметова А.М — ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы  -2017ж; «Өрлеу» білік. арттыру орт.»Құрмет грамотасы»-2017;
  • Алтай Қ.А. – Облыстық «Жұл мұғалімі» байқауы 1 орын; ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты  грамотасы-2017ж
  • Абдрахманова Б.Н. – Облыстық «Физика пәнінің үздік оқытушысы» байқауы 3 орын
  • Жүсіпова Ш.С — «Өрлеу» БАОҰ- Құрмет грамотасы-2013, «Өрлеу» БАОҰ- Алғыс хат 2017ж
  • Кереева А.Т- Республикалық ғылыми әдістемелік және педагогикалық басылым «Қазақстанның Білім және ғылым әлемі»- Құрметграмотасы-2017ж
  • Ахметов Т.Е. –«АӘД пәнінің үздік оқытушысы-2016» облыстық байқауы, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әскери-спорттық сайысқа қатынасқаны үшін Алғыс хат
  • Бегисбаев А.Б. – Алаш орда тақырыбындағы тарих пәндері сабағына қатынасқаны үшін сертификат
  • Байданова Н.М. – «Табысқа апарар жол» халықаралық кәсіби фестиваль диплом
  • Бисенгалиева А.А. – Облыстық педагогикалық оқулар байқауында Құрмет грамотасы; «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі-Құрмет грамотасы-2017ж
  • Ергалиев У.А. – Облыстық «Білім ринг» байқауы сертификат
  • Байболатова А.Ж. — Облыстық «Білім ринг» байқауы сертификат
  • Жусупова Ш.С. – Облыстық педагогикалық оқулар байқауында 2 орын
  • Қазбаева Б.Қ. – Облыстық педагогикалық оқу Алғыс хат
  • Бақтығали М. —   «WorldSkills Kazahstan» облыстық чемпионатының бас жүлдегері
  • Облыстық «Үздік арнаулы пән оқытушысы — 2017» байқауы – І орын, қатысушы – Куатова Айнур Зейновна;

2016 жыл

  • Облыстық «Үздік педагог-2016» байқауы – Бас жүлде, қатысушы  — Шолпан Саламатқызы Жусупова;
  • Облыстық «Жыл кураторы — 2016» байқауы – ІІІ орын, қатысушы – Зульфия Аманғалиқызы Дюсенова;
  • Облыстық «Жыл мұғалімі — 2016» байқауы – Бас жүлде, қатысушы – Назым Алтайқызы Жұмағалиева;
  • Облыстық «Үздік арнаулы пән оқытушысы — 2016» байқауы – ІІІ орын, қатысушы – Райгүл Құбайдоллақызы Кубашева;
  • Облыстық «Үздік әдістемелік қоржын-2016» байқауы – Бас жүлде, қатысушы  — Райгүл Құбайдоллақызы Кубашева;
  • Облыстық «Үздік информатика пәні оқытушысы-2016» байқауы – Алғыс хат, қатысушы  — Айбарша Сағынғалиқызы Абдрахманова;
  • Облыстық  «WorldSkills Kazahstan» чемпионаты – Бас жүлде, қатысушы – Мерей Бақтығали;
  • Облыстық «Үздік өндірістік оқыту шебері-2016» байқауы – Алғыс хат, қатысушы – Самал Төлеуішқызы Иманалиева.
  • Кубашева Р.К. – Облыстық «Әдіскер-2016» байқауында «Көшбасшы — әдіскер» дипломы
  • «Үздік арнаулы пән оқытушысы-2016» облыстық байқауында колледж оқытушысы Райгүл Қибадоллақызы Құбашева ІІІ орынға ие болды.
  • «Жыл кураторы -2016» облыстық байқауында колледж оқытушысы Зульфия Аманғалиқызы Дүйсенова жүлделі ІІ орынды иеленді.

2015 жыл

  • Студенттер арасындағы  облыстық  «Үздік бағдарламашы-2015» байқауында колледждің 2-курс студенті Қайырәлі Ашигалиев Бас жүлдені жеңіп алды.
  • Облыстық «Үздік әдіскер — 2015» байқауында колледж әдіскері Елена Николаевна Бурлакова Бас жүлдеге ие болды.
  • Облыстық «Үздік кітапханашы — 2015» сайысына қатысқан колледж кітапханашысы Ирина Анатольевна Броварник Бас жүлдені иеленді.
  • Облыстық «Үздік топ кураторы — 2015» байқауында колледж оқытушысы Айнұр Қуанышқызы Мұхамбеталиева Алғыс хатпен марапатталды.
  • Облыстық «Абай оқулары-2015» байқауында колледж студенті Михиловская Наталья Бас жүлдені иеленіп, республикалық сайысқа жолдама алды.
  • Колледж оқытушылары «ТIKA» жобасы аясында Стамбул қаласына тағылымдамаға жіберілді.
  • 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 0105000 «Бастауыш білім беру» және 1306000 «Радиоэлектроника және байланыс» мамандықтары бойынша білім беру қызметіне лицензия алынды.
  • Германия мемлекеті оқу орындарымен байланыс жолға қойылып, халықаралық деңгейдегі сарапшы Манфред Кунихтің басшылығымен  арнайы пән оқытушылары тағылымдамадан өткізілді.
  • «Ұлттық Бизнес Рейтингі» комитеті ұйымдастырған сараптама нәтижесі бойынша колледж «Сала көшбасшысы — 2015» ұлттық сертификатын иеленді.
  • Облыстық «Жыл кәсіпкері — 2015»  байқауында Бас жүлдеге ие болды.

2014 жыл

  • Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі  мен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-мен ынтымақтастық меморандумы жасалды. Меморандум шеңберінде дуалдық оқыту элементтерін енгізу, оқу орнының материалды-техникалық базасын жабдықтау, колледж оқытушыларын өндіріс базасында тағылымдамадан өткізу, қысқа мерзімді курстар ашу, т.б. іс-шаралар жүзеге асырылды.
  • Кәсіптік – техникалық білім беру ұйымдары мен орта мектептер арасындағы өзара тиімді  ынтымақтастықты  дамыту мақсатында Атырау қаласындағы 20 мектеп пен Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі арасында меморандумдарға қол қойылды.
  • Колледждің жалпы аумағы 4000 ш.м қамтитын үшінші жаңа оқу ғимараты іске қосылды.
  • «Сенім» элитарлық мектеп-балабақша кешені ашылды.

2013 жыл

  • Колледж оқытушылары  «Институционалды даму жоспары» жобасы аясында дуалдық оқыту жүйесі бойынша Германия мемлекетіне тағылымдамаға жіберілді.
  • Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім аушылар саны ұлғайды.
  • «Үздік қазақ тілі пәні оқытушысы» республикалық байқауында колледж оқытушысы Айнагүл Мақсотқызы Ахметова жүлделі 3-орынды иеленді.
  • Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар қатары ұлғайды.

2012 жыл

  • Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мұнай және газ мамандықтарына білім алушылар қабылданды. 70-ке жуық студент тегін оқу құқығына ие болды.
  • Дүниежүзілік Банк қаржыландырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «План институционального развития» жобасына қатысып, бәсекеге қабілетті ІТ-мамандар дайындау үшін 380 000 АҚШ долларын ұтып алды.
  • Сәуір айында колледж жоғары көрсеткіштермен кезекті мемлекеттік аттестаттаудан өтті.
  • Колледж оқытушылары Түркия мемлекетінде тағылымдадан өтті.
  • Дуалды оқыту жүйесі бойынша бірнеше кәсіпорындармен келіссөздер жүргізіліп, келісім-шарттар жасалды.
  • Колледжбен тығыз байланыс орнатқан «ESS SUPPORT SERVICE ATYRAU» компаниясы 2012 жылғы желтоқсан айында Астана қаласында өткен «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты» атты IV Халықаралық форумда үздіктер қатарынан табылып, «Көшбасшы серіктес» номинациясын иеленді.

2011 жыл

  • Мамандықтар қатары «Электрмен қамсыздандыру», «Автоматтандыру және басқару» мамандықтарымен толықты.
  • «Қазақстан Республикасында техникалық-кәсіптік білім беруді қолдау» халықаралық жобасы шеңберінде арнаулы пән оқытушылары Германияда тағылымдамадан өтті.
  • Колледж ұжымы «Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы мен қызметі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияны жоғары деңгейде өткізді.
  • Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары арасында өткен облыстық байқауда Бас жүлдені иеленген колледж «Білім ұясы» атты республикалық сайыста бақ сынап, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

2010 жыл

  • Қамқоршылар Кеңесі құрылды.
  • Колледж оқытушылары Эстония, Лондон, Германия елдеріне тағылымдамаға жіберілді.
  • Республикалық «Үздік техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны» байқауына қатысып, жаңашыл ұжым ретінде танылды.

2009 жыл

  • Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңғыртуға бағытындағы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен халықаралық шараларға қатысып, ірі жобалардың нысанына айналды. Сонымен бірге қосымша табыс көзі ретінде қызмет көрсету түрлері (баспахана, шаруашылық нысандары) ашылды.

2008 жыл

  • Аймақтың еңбек нарығындағы кадрлық қажеттіліктерін ескере отырып, мұнай және газ ісі саласындағы 4 мамандық ашылды.

2006 жыл

  • Колледж қосымша екі мамандық ашу құқығына ие болды.
  • Дәл осы жылы көлемі 4000 шаршы метрге жуық екінші жаңа оқу ғимараты пайдалануға берілді. Материалды — техникалық базаны толықтыру ісі жалғасын тапты.
  • Колледж мемлекеттік аттестаттаудан өтті, аттестаттау комиссиясы колледждің барлық бағдарламаларын бес жыл мерзімге аттестаттаудан өткізді.

2005 жыл

  • Колледждің негізгі ғимараты іске қосылды, материалды-техникалық база толықтырылды. Облыстық деңгейдегі ең алғашқы жеңістер, мойындаулар колледж тарихының беттеріне алтын әріптермен жазыла бастады. Солардың қатарында облыстық пәндік олимпиададағы, спорттық шаралардағы жүлделі орындар, «Студенттік көктем» байқауындағы Бас жүлдені атауға болады.

2004 жыл

  • Колледж АА №0009950 мемлекеттік лиценция негізінде білім беру қызметін бастады. Алғашқы жылдары колледж талапкерлерден 5 мамандық бойынша құжат қабылдады.