Ұлттық чемпионат "WorldSkills Kazakhstan-2021"

WorldSkills — жұмыс кәсібі мен шеберлік дағдысының беделін арттыруды көздейтін халықаралық қозғалыс.
Биылғы жылы «Worldskills Атырау-2021» чемпионатында Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі 9 құзіреттілік бойынша чемпионатқа 13 білім алушы қатынасып , облыс бойынша 3 орынға ие болды. Жоғары колледж қоржынында
4 алтын:
• «Бизнеске арналған ІТ шешімдер, 1С бағдарламасы» саласы бойынша Картмагамбет Бактияр
• «Веб-технологиялар» саласы бойынша Кайруллин Султан
• «Мектепке дейінгі оқыту» мамандығы бойынша Орынбаева Алина
• «Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу» бағыты бойынша қолданбалы бакалавр студенті Иванов Николай
5 күміс:
• Графикалық дизайн бойынша Бисеналиев Алмас;
• «Бизнеске арналған ІТ шешімдер» бойынша Канцев Артем
• «Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу» бағыты бойынша Кондрашов Ян
• «Бастауыш сыныптарда оқыту» мамандығы бойынша Утеуова Күнсұлу
• «Мектепке дейінгі оқыту» мамандығы бойынша Нұржанова Фатима
4 қола
• CAD инженерлік графикасы бойынша Бақтыгереев Ақжол
• «Бизнеске арналған ІТ шешімдер» бойынша Темирханова Гульнур
• «Бастауыш сыныптарда оқыту» мамандығы бойынша Құндақпаева Құндыз
• «Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу» бағыты бойынша Васильев Виталий


4 оқытушымыз бас сарапшы боп тағайындалды.
Веб-дизайн – Ишутина Ирина Рашидовна
Бастауыш сыныптарда оқыту – Султашева Гульшат Кадырғалиевна

Бизнеске арналған ІТ шешімдер – Бақтығали Мерей

Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу –Мурзашева Сымбат

2021 жылдың 2- 6 қараша күндері Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan – 2021» Ұлттық чемпионаты өтті.
Елбасы Н.Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі Жолдау¬ла¬рында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін барынша дамыту керектігіне мән беріп келеді.
«WorldSkills – жұмысшы кәсі¬бінің мәртебесін арттырып қана қоймай, кәсібилікті наси¬хаттауды мақсат ететін коммер¬циялық емес қозғалыс. Бұл жас¬тар арасында үлкен беделге ие». Соған орай осы жылы республикалық деңгейде алғаш рет Атырау облысының намысын Атырау қаласы Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің “Бастауыш сыныптарда оқыту” құзыреттілігі бойынша студентіміз Орынбаева Алина бақ сынады.
Бұл чемпионатты өткізу — міндетті түрде жалғастыру қажет әрі маңызды іс. Жастарды оқытып, олардың дағдыларын жетілдіру – бұл үлкен жұмыс. Біз жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тырыстық, бірақ әлі де істелуі керек істер бар, шеберлікті шыңдау қажет. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген колледждердің шәкірттерінің осындай алаңда өз шеберліктерін қалай көрсетіп жүргеніне куә болдық.
“Бастауыш сыныптарда оқыту” құзыреттілігі бойынша чемпионатты өткізген Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіне және барша ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз!
Орынбаева Алина:
Мен Орынбаева АлинаБастауыш сыныптарда оқыту” құзыреттілігі бойынша республикалық чемпионатқа алғаш рет қатыстым. Кәсіби маман болып қалыптасуыма, жаңашыл идеяны басшылыққа ала отырып мамандыққа сәйкес берілген тапсырманы өз дәрежемде орындап шықтым. WorldSkills чемпионаты бүгінде техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелер арасында жыл сайын өткізілетін, жұмысшы мамандықтарының әуелетін арттыруға зор ықпал ететін бірден-бір сайыстардың бірі. Бұл жас¬тар арасында үлкен беделге ие. Мамандыққа сәйкес 4 модуль бойынша тапсырма берілді. Әр модуль сәйкесінше кәсібилікті шыңдауға,жан-жақты ойлауға,тың идеяны жүзеге асыруға мүмкіндікке ие. Бұл жоба жас мамандардың кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін үлкен бағыт болды»

«WorldSkills Kazakhstan – 2022» VII Республикалық кәсіптік шеберлік конкурсы
WorldSkills Kazakhstan Республикалық кәсіптік шеберлік конкурсының миссиясы-кәсіптік бағдар беру, кадрлар даярлау, сарапшылық қоғамдастықтарды қалыптастыру және өнімділікті арттыру тетіктерін қоса алғанда, халықаралық стандарттар негізінде техникалық мамандықтар бойынша өнеркәсіптің жоғары технологиялық салаларын кадрлық қамтамасыз ету тетіктерін қалыптастырудағы еңбек.
Тұлға бойына кәсіптік білімді,білікті,дағдыны игерген және қойылған міндеттерді шығармашылықпен шеше білуге қабілетті әрі болашақ маман ретінде өзін-өзі қалыптастырады.
«WorldSkills Atyrau – 2022» облыстық чемпионатта колледжіміздің студенттері 1 орынды қанжығаларына байлап, алтын медальмен марапатталған білім алушыларымыз «WorldSkills Kazakhstan – 2022» VII Республикалық кәсіптік шеберлік конкурсына мына мамандықтар бойынша қатысты:
«Бизнеске арналған IT шешімдер» құзыреттілігі бойынша- 4/19.33 тобының студенті Канцев Артем;
«Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойына- 20/20.31 тобының студенті Нуфтуллина Айя;
«Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша – 19/19.41 тобының студенті Айшуаққызы Ақбөбек.
«WorldSkills Kazakhstan – 2022» VII Республикалық кәсіптік шеберлік конкурсы Астана қаласында Expo көрме орталығында өткізілді.
«WorldSkills Kazakhstan – 2022» VII Республикалық кәсіптік шеберлік конкурсына еліміздің 500-ге жуық жас мамандары қатысты.
Колледжімізден қатысқан білім алушымыз Канцев Артем «Үздік жас маман» медальонмен марапатталды.
Колледжіміздің оқытушылары Республикалық деңгейде сарапшы болғандығын растайтын Сертификатпен марапатталды.
Облыстық білім беру басқармасы Республикалық деңгейде студенттерді дайындаған колледжіміздің оқытушылары мен өз білім,білік,іскерліктерін көрсеткен студенттерін Алғыс хатпен марапаттады.
Студенттерге толағай табыс пен шығармашылық тілейміз!