Аубекеров Сағынтай Берикович — «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 3-курс студенті. Білім мен кәсіби дағдыларды дамыту жолында белсенділік танытып, өз бағыты бойынша үздік нәтижелерге ұмтылып келеді.

Студенттің жетекшісі — Иманалиева Самал Тулеушовна. Жетекші қолдауымен кәсіби дамуға қадам басқан студент ҚР колледждерінің «Топ-100 үздік студенті» байқауына қатысып, өз білімін, қабілеті мен әлеуетін танытуда.

Сағынтайға байқауда сәттілік, жоғары жетістік және жарқын жеңістер тілейміз! 🚀👏

Бадел Жұлдыз Мерекеқызы — «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-курс студенті. Білім мен кәсіби дамуды қатар алып жүрген белсенді студент өз бағыты бойынша тәжірибесін шыңдап, кәсіби шеберлігін дамыту жолында үздіксіз ізденіс үстінде.

ҚР колледждерінің «Топ-100 үздік студенті» байқауына қатысуы мен WSK Atyrau чемпионатындағы белсенділігі оның кәсіби дамуға, білім мен тәжірибені ұштастыруға деген талпынысын айқындай түседі.
Студенттің жетекшісі — Налық Айжанат Маратқызы.
Жұлдызға алдағы байқаулар мен бастамаларда сәттілік, жоғары нәтиже және жарқын жетістіктер тілейміз! 🌟🏆👏

Жеткіншекұлы Бекарыс — «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2-курс студенті. Ол білім мен кәсіби дағдыларын дамытуға ұмтылып, өз саласы бойынша белсенділік танытып келеді.
ҚР колледждерінің «Топ-100 үздік студенті» байқауына қатысуы — оның білімге деген құштарлығы мен кәсіби өсуге бағытталған маңызды қадамы.
Студенттің жетекшісі — Абдрахманова Айбарша Сағингалиевна.
Бекарысқа алдағы байқаулар мен оқу жолында сәттілік, биік жетістіктер тілейміз! 🚀👏

🚀 ӨЗ МҮМКІНДІГІҢДІ ПАЙДАЛАН! 🚀

📢 Каспий өңірі көпсалалы жоғары колледжінің талантты, белсенді студенттері!

«TALAP» КЕАҚ ұйымдастыруымен өтетін «ҚР колледждерінің ҮЗДІК 100 СТУДЕНТІ» республикалық конкурсының колледжішілік кезеңіне қатысуға шақырамыз! 🏆

✨ Бұл конкурс — жетістігіңді елге танытып, үздік студенттердің қатарына қосылуға үлкен мүмкіндік!

🎯 Қатысушылар:
🔹 WorldSkills және кәсіби шеберлік байқауларының жеңімпаздары;
🔹 Студенттік ұйымдар мен волонтерлік қозғалыс белсенділері;
🔹 Инновациялық жоба және стартап авторлары;
🔹 Ғылыми, спорттық және зияткерлік жарыстар жүлдегерлері;
🔹 Шығармашылық бағыттағы белсенді студенттер.

📅 Өтінім қабылдау мерзімі: 14 мамырға дейін

⚠️ Ескерту: Соңғы 3 жылда әртүрлі конкурс жеңімпазы атанған студенттер қатыса алады.

🌟 Өзіңді дәлелде!
🌟 Жетістігіңді жаңа деңгейге шығар!
🌟 «ҮЗДІК 100 СТУДЕНТ» қатарына қосыл!

📞 Қосымша ақпарат: +7 702 488 8308