You are currently viewing 🏃‍♂️ «Мәдениет марафоны»: жастар жеңісі мен белсенділігі

🏃‍♂️ «Мәдениет марафоны»: жастар жеңісі мен белсенділігі

Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен мәдениет қызметкерлері мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған «Мәдениет марафоны» спорттық-мәдени іс-шарасы өтті.

🏃‍♂️🔥 Марафонға Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің белсенді студенттері де қатысып, өздерінің спортқа деген қызығушылығы мен жеңіске деген жігерін көрсетті.

🥇 Жарыстың басты жетістіктерінің бірі — колледж студенті Павел Алиханның мәре сызығына бірінші болып жетіп, үздік нәтиже көрсетуі. Оның жеңісі табандылық пен мақсатқа ұмтылудың жарқын үлгісі болды.

📌 Іс-шара аясында «Заң және тәртіп» бағыты бойынша Полиция басқармасының өкілдері де қатысып, жастарға нашақорлықтың алдын алу, буллингке жол бермеу және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөнінде маңызды ақпарат берді. Кездесу барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, жеке жауапкершілік пен қауіпсіз мінез-құлықтың маңыздылығы атап өтілді.

🏆 Марафон қорытындысы бойынша мәре сызығына алғашқы болып жеткен 10 үздік қатысушы арнайы марапаттарға ие болды. Қатысушылар өздерінің спорттық дайындығын, төзімділігі мен жеңіске деген ұмтылысын танытты.

Мұндай спорттық-мәдени іс-шаралар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырып қана қоймай, олардың бойында белсенділік, тәртіп, жауапкершілік, табандылық және өзара қолдау сияқты маңызды қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.

👏 Колледж студенттерін жетістіктерімен құттықтаймыз! Павел Алиханды жеңісімен ерекше құттықтап, барлық қатысушыларға алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!

💜 Алға, ПМВК жастары!