You are currently viewing 1/21.11 тобымен «Өлең сөздің даңғылы, бар қазақтың Жамбылы»

1/21.11 тобымен «Өлең сөздің даңғылы, бар қазақтың Жамбылы»

2022 жылдың 28 ақпан күні колледжімізде дипломалды іс-тәжірибеден өтіп жатқан Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің филология мамандығының 4 курс студенті Балауса Нұрланқызы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1/21.11 тобымен бірлесе отырып, өлеңді өмір деп білген, өмірін өлеңмен өрген жыр дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың 176 жылдығына орай «Өлең сөздің даңғылы, бар қазақтың Жамбылы» атты тәрбиелік шара өткізді. Шараның мақсаты: Жамбыл Жабаевтың ақындық талантын білім алушы жас ұрпақтың жүрегіне ұялату арқылы поэзияны әрі өнерін сүюге, оны бағалай білуге үйрету. Шара барысында халық тағдырының күллі арналарын әділеттік пен ізгіліктің жыршысы ретінде сәтті ұштастыра білген Жамбыл атамыздың сөзіне жазылған әндер шырқалып, би де биленді. Бүгінгі жас буынның Жамбыл атамызға жазған арнайы арнаулары да, көркемсөз де болды. Сондай-ақ, талантты студенттер тәрбиелік мәні бар көрініс қойып, Жамбыл бабамыздың шығармашылығы жас ұрпақтың арасында жалғасын тапты. Шара соңында филология бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары Гүлнар Оразғалиқызы мен Рахымжан Асқарұлына сөз беріліп, топ жетекшісі Данагүл Русланқызы шарамызды сәтті қорытындылады.