You are currently viewing 🌟 ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ — БІЗДІҢ ПЕДАГОГТЕРІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІ! 🌟

🌟 ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ — БІЗДІҢ ПЕДАГОГТЕРІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІ! 🌟

🏆 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы облыстық педагогикалық оқулар өз мәресіне жетті.

📚 «Білім берудегі цифрлық сауаттылық пен жасанды интеллект: үздік педагогикалық тәжірибе» тақырыбында өткен ауқымды іс-шара педагогтердің заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану тәжірибесін насихаттауға, кәсіби шеберлікті арттыруға және инновациялық идеялармен алмасуға бағытталды.

Облыстық деңгейдегі байқауда колледжіміздің педагогтері өздерінің кәсіби құзыреттілігін, шығармашылық ізденісін және озық тәжірибесін жоғары деңгейде танытып, жүлделі орындарға ие болды. 👏✨

🥈 Абдрахманова Айбарша Сагингалиевна — информатика пәнінің оқытушысы
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

🥉 Забиева Мейрамгуль Мураткалиевна — биология пәнінің оқытушысы
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

💡 Педагогтеріміздің бұл жетістігі — сапалы білім беру мен үздіксіз кәсіби дамудың жарқын көрінісі. Олар білім беру үдерісінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, заманауи оқытудың озық үлгілерін көрсетіп келеді.

✨ Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, кәсіби биіктеріңіз арта берсін!
Шығармашылық табыс, тың идеялар мен жаңа жетістіктер тілейміз! 🌟