Нормативтік құқықтық актілер – құқықтың қайнар көзі

Құқықтану кафедрасының *Нормативтік құқықтық актілер – құқықтың қайнар көзі* атты апталығы аясында жоспарға сәйкес Шайдоллаева Айсулу Нургабыловнаның азаматтық іс жүргізу құқығы пәні бойынша *Соттың құрамы* атты ашық сабағы 7.20.32 тобына өткізілді.
Білім алушыларға азаматтық процеске қатысушылар ұғымы, сондай-ақ сот құрамы және іске қатысатын адамдар, іске қатысатын өзге де адамдар болып жіктелетіндігі жөнінде толық түсінік берілді.
Тәжірибеден өткен студенттер үшін іске қатысатын адамдар ретінде прокурор, тараптар, сот приставы, сот хатшысы сынды ұғымдарды меңгеру қиынға соқпады.
Студенттер үшін қызығушылық танытатын субъекті – судьяға қойылатын талаптар мен біліктілік емтиханы жөнінде видео-сабақ назарларына ұсынылды.
Топ студенттері толыққанды қатысып, сабақ өз мақсатына жетті.