Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледж студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Заң және тәртіп» бағыты бойынша профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында студенттерге заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік, интернеттегі қауіпсіздік, есірткі қылмысының алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша маңызды ақпарат берілді. Сонымен қатар күнделікті өмірде құқықтық сауаттылықтың маңызы мен өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараудың қажеттілігі атап өтілді.
Кездесуге арнайы шақырылған мамандар өз салалары бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті:
🔹 Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Ідірісов Айбол Қайратұлы — есірткінің адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зияны, есірткі қылмысының алдын алу және заңнамада көзделген жауапкершілік туралы түсіндірме жүргізді.
🔹 Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция инспекторы, полиция капитаны Берік Жандарбек — қоғамдық тәртіпті сақтау, көшедегі қауіпсіздік және жол қозғалысы ережелерін орындаудың маңыздылығына тоқталды.
🔹 Колледж инспекторы, полиция капитаны Дюсенғалиева Ботагөз — студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, буллингке жол бермеу, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі және құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша түсінік берді.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Ашық форматтағы пікір алмасу жастардың құқықтық мәселелерге деген қызығушылығын арттырып, түрлі қауіп-қатерлердің алдын алуға бағытталған пайдалы кеңестермен толықты.
Мұндай кездесулер студенттердің өз құқықтары мен міндеттерін жақсы түсінуіне, заңды құрметтеуіне және кез келген жағдайда саналы әрі жауапты шешім қабылдауына ықпал етеді.
⚖️ Заңды білу — өз құқығыңды қорғаудың негізі.
🤝 Тәртіпті сақтау — ортақ жауапкершілік.
🛡️ Қауіпсіздік — әр адамның саналы таңдауынан басталады.
