М.Әуезовтің «Абай жолы» кітабы бойынша викторина қорытындысы.

ОқуғаҚұштарКолледж #ЧитающийКолледж #Ауэзов125
Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына және «Абай» кітабының бірінші томының (1952 ж.) шыққанына 70 жыл толуына орай 26 қыркүйек пен 6 қазан аралығында колледжіміздің кітапханасы «Абай жолы» кітабы бойынша онлайн викторина өткізді.
Викторинаға барлығы 149 адам қатысты. Оның ішінде колледжіміздің студенттері – 101, оқытушылар – 3. Сырттан 45 адам қатысты. Оқушылар – 21, студенттер – 3, мұғалімдер – 3, кітапханашылар – 19 адам. Қатысушы елдер: Қазақстан, Ресей.
Топ кураторлары Орынбасаров Р.А., Сеймова Н.Р., Қуатова А.З., Журканова А.Қ., Сұлташева Г.Қ., Нұрғабылова Ж.Н., Ищанова А.М. студенттердің онлайн викторинаға қатысуын ұйымдастырғаны үшін алғыс алды. Викторинаның барлық қатысушыларына сертификаттар жіберілді.