You are currently viewing №34 мектеп-гимназиясында кәсіби бағдар семинары өтті

№34 мектеп-гимназиясында кәсіби бағдар семинары өтті

№34 мектеп-гимназиясында 9-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған «Болашаққа бағдар: мамандықты дұрыс таңдау» атты кәсіби бағдар семинары өткізілді. 🎓✨

Іс-шараға колледжіміздің педагогтері Забиева М. және Асылбекова А. қатысып, оқу орны туралы жан-жақты ақпараттық-түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 📚

Семинар барысында оқушылар мен ата-аналарға колледжде оқытылатын мамандықтар, оқу мерзімі, қабылдау талаптары, білім беру мүмкіндіктері, студенттік өмір ерекшеліктері және болашақта жұмысқа орналасу бағыттары жөнінде толық мәлімет ұсынылды. 👩‍🏫👨‍🎓

Сонымен қатар, мамандық таңдаудың маңыздылығы, еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттар және болашаққа саналы жоспар құру мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, пайдалы ақпаратқа қанықты. Мұндай кездесулер жас түлектерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға үлкен септігін тигізеді. ✅