You are currently viewing Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күнімен

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күнімен

Шын жүректен құттықтаймыз!
Арайлы азаттығымыздың кепілі – Мемлекеттік рәміздер 1992 жылы дәл осы күні бекітіліп, 2007 жылдан бастап, 4 маусым күні мемлекеттік маңызы бар айтулы даталар қатарына қосылды.

Елтаңбамыз, Туымыз, Гимніміз қазақ елінің барша болмысын, бүгіні мен ертеңін бойына сіңіріп, жүрегімізді мақтанышқа толтырады. Осының бәрі – Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Оның ерекшелігі сол – Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады. Оларды жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңсесі биік азаматтары қалыптасады.
Мереке құтты болсын!