You are currently viewing 🚀 Tech Fiz Quiz: ғылым, жылдамдық және инженерлік ойлау алаңы

🚀 Tech Fiz Quiz: ғылым, жылдамдық және инженерлік ойлау алаңы

⚙️🔬 Колледжімізде техникалық физикаға арналған Tech Fiz Quiz зияткерлік викторинасы ұйымдастырылды. Аталған шара ғылымға, технологияға және инженерлік бағытқа қызығушылық танытатын студенттердің басын қосып, білім мен интеллектуалдық қабілеттерді сынайтын ерекше алаңға айналды.

📚 Викторинаның басты мақсаты – студенттердің теориялық білімдерін тексеріп қана қоймай, олардың логикалық ойлауын, аналитикалық қабілеттерін дамыту және техникалық ғылымдарға деген қызығушылығын арттыру болды. Қатысушылар физика заңдарын тәжірибеде қолдана білу, жылдам шешім қабылдау және командада тиімді жұмыс жасау қабілеттерін көрсетті.

📌 Іс-шараның негізгі мақсаттары:
🔹 физика және техникалық пәндер бойынша білімді тереңдету;
🔹 логикалық және сыни ойлауды дамыту;
🔹 жастардың инженерияға, ғылым мен заманауи технологияларға қызығушылығын арттыру;
🔹 интеллектуалдық сайыс арқылы білім деңгейін жетілдіру;
🔹 командалық жұмыс, қарым-қатынас және жедел шешім қабылдау дағдыларын дамыту.

👥 Викторинаға ЭҚ 25/11, ШТ 25/11, АСУ 25/11, Қ 25/11 топтарының студенттері қатысты.

🧠 Сайыс барысында қатысушылар тақырыптық сұрақтарға жауап беріп, техникалық есептер шығарып, жылдамдық пен логикаға негізделген тапсырмаларды орындады. Іс-шара жоғары белсенділікпен, достық бәсекелестікпен және жеңіске деген ұмтылыспен өтті.

🚀 Қатысушылар өз білімдерін сынап қана қоймай, тапқырлықтарын, шапшаңдықтарын және командада жұмыс жасау қабілеттерін көрсетті.
🌟 Осындай зияткерлік шаралар студенттердің әлеуетін ашып, нақты ғылымдарға деген қызығушылығын арттырып, болашақ техникалық мамандықтарға деген ынтасын қалыптастырады.