You are currently viewing Тоғызқұмалақтан облыстық спартакиадада — жүлделі II орын

Тоғызқұмалақтан облыстық спартакиадада — жүлделі II орын

18–19 ақпан күндері Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі базасында орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында Ұлттық спорт лигасының облыстық спартакиадасы аясында тоғызқұмалақтан жарыс өтті.

Облыстың 12 колледжінен жиналған командалар арасында өткен тартысты додада біздің студенттер жоғары шеберлік пен терең логикалық ойлау қабілетін көрсетіп, ұлдар және қыздар арасында жүлделі II орынды иеленді.

Тоғызқұмалақ — ұлттың зияткерлік мұрасы, ой дәлдігін, сабырлылық пен стратегиялық пайымды талап ететін ерекше ойын. Жарыс барысында қатысушылар есеп жүргізудегі ұқыптылықтарын, тактикалық шеберліктерін және табандылықтарын айқын көрсете білді.

Колледж намысын абыроймен қорғаған студенттер:

  • Аралбай Эльзада

  • Серік Бекзада

  • Эдуардұлы Артем

  • Ерболатов Дияс

Бұл жетістік — жүйелі дайындық пен командалық ауызбіршіліктің нәтижесі. Жас спортшыларымызды жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда бұдан да жоғары нәтижелерге жетулеріне тілектестік білдіреміз.