Нормативтік құқықтық актілер – құқықтың қайнар көзі атты апталығы өтеді.

2022 жылдың желтоқсан айының 1-15 күндері аралығында Құқықтану кафедрасының Нормативтік құқықтық актілер – құқықтың қайнар көзі атты апталығы өтеді.

Құқықтану мамандығы студенттерінің қызығушылықтарын арттырып, мамандыққа бағдарлау мақсатында жоспар бойынша ашық сабақ, олимпиада, экскурсия, қонақ дәріс, кездесу кеші, сыныптан тыс шара сынды әртүрлі бағытта іс-шаралар жүзеге асырылады.

Біздің мақсат – тәлім-тәрбиені бойларына дарытқан саналы ұрпақ және әр ісіне тиянақты әрі жан-жақты маман қалыптастыру.