You are currently viewing 📢🎓 АЙМАҚТЫҚ СТУДЕНТТІК КОНФЕРЕНЦИЯ

📢🎓 АЙМАҚТЫҚ СТУДЕНТТІК КОНФЕРЕНЦИЯ

🏫 Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінде «AI технологиялары: экономикалық тиімділік және құқықтық тәуекелдер» атты аймақтық студенттік конференция сәтті өтті! 🚀

🎯 Конференцияның мақсаты — білім алушылардың экономикалық 💰 және құқықтық ⚖️ сауаттылығын арттыруда жасанды интеллект 🤖 технологияларының мүмкіндіктерін зерттеу, ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту 📚 және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.

🤝 Ғылыми-әдістемелік жоспарға сәйкес, конференция өзара ынтымақтастық туралы келісімшарт негізінде Батыс аймағындағы колледждер арасындағы серіктестікті нығайту, ғылыми байланыстарды кеңейту 🌐 және бірлескен білім беру бастамаларын дамыту мақсатында «Құқықтану» ⚖️, «Менеджмент» 📊 және IT 💻 мамандықтарының білім алушылары үшін ұйымдастырылды.

💡 Конференция барысында білім алушылар жасанды интеллекттің экономика мен құқық салаларындағы мүмкіндіктерін зерттеп, өз ғылыми жұмыстарын жоғары деңгейде қорғады. 🤖📊⚖️

🌍 🏫 Конференцияға Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарының колледждері қатысты.

👩‍🏫 Конференция сарапшылары: Х.Досмухамедов атындағы Атырау университетінің ғалымдары: Кенжегалиева Зита Жанабаевна —PhD, қауымдастырылған профессор, Шаяхметова Жанна Бекболқызы — заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры болды.

📜 Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды, ал үздік жобалар мен спикерлер арнайы номинациялармен марапатталды 🏅

🏆 Номинация жеңімпаздары:

🔹 Жаналиева Зухра — «Үздік құқықтық талдау», Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі (Орал қ.)

🔹 Амандыққызы Қарақат — «Қаржылық сауаттылық үздігі», Атырау құқық және бизнес колледжі (Атырау қ.)

🔹 Ертлеу Наурызбек — «Үздік аналитикалық жұмыс», Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжі (Құлсары қ.)

🔹 Дайрабай Аружан — «Үздік жас зерттеуші», Есенов колледжі (Ақтау қ.)

🔹 Төребекұлы Рамазан — «Үздік презентация», Маңғыстау туризм колледжі (Ақтау қ.)

🔹 Аманбай Айкен — «Үздік AI шешім», APEC Petro Technic (Атырау қ.)

🔹 Тыныштық Нұршат — «Үздік инновациялық жоба», Есенов колледжі (Ақтау қ.)

🔹 Мурзабаева Дарина — «Шебер спикер», Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі (Атырау қ.)

👏 Барлық қатысушыларға және оның жетекшілеріне алғыс білдіреміз! ✨ Ғылым жолындағы жетістіктеріңіз арта берсін!