You are currently viewing Білімділер бәйгесі

Білімділер бәйгесі

[ ] Қараша айының 24-25 күндері Өскемен қаласындағы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледж базасында колледж студенттері арасындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Республикалық Қ.Бітібаева атындағы олимпиада өтті. Республикалық олимпиадаға 15 студент қатынасып, екі кезең бойынша өз білімдерін сарапқа салды. Олимпиадаға қатынасушылар бірінші кезеңде ұйымдстырушылар ұсынған тақырыптарға эссе жазса, екінші кезеңде қазақ тілі мен әдебиетінен, ұстаз, ғалым Қ.Бітібаеваның өмірі мен шығармашылығынан берілген тапсырмаларға ауызша жауап берді. Осы олимпиада да колледж намысын қорғаған “Құқықтану” мамандығының 1 курс студенті Кызылбасов Серик сертификатқа ие болса, жетекшісі Рахымжан Асқарұлы Алғыс хатпен марапатталды.