You are currently viewing РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ -2023

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ -2023

4 желтоқсанда Атырау аграрлы-техникалық колледжі ұйымдастырумен «Құзыреттілік- бағдарлы білім беру идеясын жүйеге асыру: мәселелер, ізденістер, шешімдер» атты республикалық ТжКББ ұйымдарының арнайы пән оқытушыларына арналған конференция өткізілді. Конференция мақсаты: Қазіргі заманғы ғылым және білім беруді дамытудың замануи үрдістері, дамыту перспективалары, жаңа әдіс-тәсілдері мен инновациялық зерделеу жұмыстары, оның тиімділігін арттыру моделдері мен әдіс-тәсілдері, заманауи технологиялардың болашақ мамандар тәрбиелеудегі өзекті мәселелері мен болашағы бойынша сұрақтарды зерттеу және ақпарат алмасу. Конференцияға оқытушыларымыз Утегалиева А, Бисенгалиева А, Бердіғожина М, Аманжолова М. тікелей қатынасып, инновациялық зерделеу жұмыстарын қорғап, алғыс хаттармен оралды. Сырттай ғылыми мақалалар ұсынған оқытушыларымыз Кубашева Р, Куспан А, Мухамбеталиева А, Унаева А, Дербисинова В, Молдашева Р, Срымова Г, Койшиева А, Жусупова Ш, Мырзашева С. еңбектері республикалық конференцияның мақалалар жинағына енгізіліп, арнайы сертификаттарға ие болды. / ғылыми-әдістемелік бөлім/