You are currently viewing Краеведческий вечер «Ақ Жайық бойындағы ару шаһар – Атырау»

Краеведческий вечер «Ақ Жайық бойындағы ару шаһар – Атырау»

18 қыркүйек күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі Каспий өңірінің қазіргі замандағы жоғары колледжінің 1 курс «Аударма ісі» 11/23.11 топ студенттеріне «Ақ Жайық бойындағы ару шаһар – Атырау» атты  өлкетану кешін өткізді.

Мақсаты: Атырау қаласының тарихы мен жер байлықтарын таныстыру. Оқырмандарға өздерінің туып өскен қаласы Атырау жөнінде толық мағлұмат аларлық ақпарат беру. Оқырмандардың  туған жерге, елге  деген құрмет сезімін тәрбиелеу. Дидактикалық ойындарды қолдана отырып, оқырмандардың ой ұшқырлығын тәрбиелеу, мәдени және рухани білімін көтеру.  

Кеш басталмас бұрын әдеттегідей кітапханамен танысу экскурссиясымен басталды.  Ал, өлкетану кешін кітапханашы А. Краубаева  оқырмандарға тәуелсіз Қазақстан картасында кәрі Каспийдің терістік шығысында орналасқан Атырау қаласының еліміздің көне елді-мекендерінің бірі екендігін атап өтіп, бүгінгі күні Мұнайлы астанаға айналған Атырау қаласы туралы сөз қозғады. Еуропа мен Азия шекарасындағы байлығы мол  Жайық өзенінің бойында орналасқан Атырау қаласы Атырау облысының әкімшілік орталығы екенін, қаламыздың тарихына тоқталып, өткені мен бүгінін оқырман қауымына неше түрлі суреттер арқылы салыстыра айтып, Атырау қаласының қаншалықты өзгеріп дамығанын атап көрсетті.

Оқырмандармен бірлесіп «Өлкетану – өте қызық» атты дидактикалық ойын ойнап, «Атырау қаласына арнап шығарылған өлең немесе ән бар ма?»,- деген сұраққа «Атырау – қалам, абырой, мақтанышыи!» атты ән бар деп суырылып шыққан оқырманымыз да кешіміздің сәнін келтірді.

Шара соңын кітапханашы оқырмандарға «Әр адамға өз туған жері, туып өскен мекені әрқашан қымбат!  Біздің Атырау – аңыз қала!  Өз өлкемізді мақтан тұтып, оның көркейіп, дамуына үлес қосу әрқайсымыздың парызымыз!  Жайнай берші – Атырау!  Гүлдене берші – Атырау!», – деп қорытындылады.

хештеги #ОқуғаҚұштарКолледж #ЧитающийКолледж