You are currently viewing «ӨРЛЕУ» БАҰОАҚ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫМЕН ӨЗАРА ІС ҚИМЫЛ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ

«ӨРЛЕУ» БАҰОАҚ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫМЕН ӨЗАРА ІС ҚИМЫЛ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ

28 ақпан күні Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжімен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалының Атырау облысы бойынша кәсіби даму институтымен өзара іс қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум мақсаты: тараптар арасында білім берудегі тәжірибе алмасу, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік, эксперименттік, оқу -әдістемелік жұмыстары және педагог мамандарды даярлау сапасын жоғарылату мен олардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өзара әрекеттестік құру. Келіссөздер барысында институт директоры Даулетова Роза Кабышевна қызметкерлердің кәсіби білімін ақпараттық қолдауға бағытталған жаңалықтар және педагог санаттарын растау мен беру бойынша енгізілген өзгерістермен ақпараттандырды.