You are currently viewing ОБЛЫСТЫҚ ШЕБЕР-СЫНЫП

ОБЛЫСТЫҚ ШЕБЕР-СЫНЫП

20 желтоқсан күні колледжіміздің арнайы пән оқытушылары Уразов Нұржан Мураткалиевич пен Кубашева Райгул Кибатуллаевна С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледж базасында мұнай-газ ісі бағытында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне өткен «АМТ-411 тренажер-имитатор қондырғысында скважинаны күрделі жөндеу жұмыстарын орындау» зертханасында облыстық шеберлік сыныпқа қатысып, тәжірибе алмасты. Шеберлік сынып аясында: ұңғыға қажетті қышқыл ерітіндісінің көлемін тікелей жуу әдісімен айдау; қышқыл ерітіндісін скважина сақина кеңістігінде бастыру ерітіндісімен айдау; қышқыл ерітіндісін қабатқа айдау жұмыстары практика негізінде жүргізіліп көрсетілді.

/ғылыми-әдістемелік бөлім/