You are currently viewing 📚 Кітапхана қорына құнды тарту: көрнекті ғалым-филолог Фаузия Оразбаеваның еңбектері

📚 Кітапхана қорына құнды тарту: көрнекті ғалым-филолог Фаузия Оразбаеваның еңбектері

Құрметті оқырмандар!

Кітапханамыздың қоры қазақтың көрнекті ғалым-педагогы, еңбек сіңірген ұстаз, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Фаузия Шәмсиқызы Оразбаеваның еңбектерімен толықты.

Фаузия Оразбаева — 320-дан астам ғылыми еңбектің, бес монографияның және бірнеше буынның қазақ тілін меңгеруіне негіз болған ондаған оқулықтың авторы. Ғалымның ғылыми зерттеулері мен әдістемелік еңбектері қазақ тіл білімінің дамуына және мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіруге зор үлес қосты.

📖 Кітапхана қорына сыйға тартылған басылымдар:

  • «Шығармалар жинағы» — бес томдық еңбек. Жинаққа монографиялар, ғылыми мақалалар, мерзімді басылымдарда жарияланған еңбектер мен сабақ әзірлемелері енгізілген;

  • «Тілдік қатынас негіздері»;

  • ғалым еңбектерінің библиографиясы.

Бұл басылымдар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары, студенттер, магистранттар, зерттеушілер және қазақ тіліне, оны оқыту мен меңгеру мәселелеріне қызығушылық танытатын оқырмандар үшін аса құнды. Кітаптар оқырмандардың білімін тереңдетуге, ғалымның ғылыми мұрасымен танысуға, оқу және зерттеу жұмыстарына қажетті материалдарды табуға мүмкіндік береді.

📚 Барша оқырмандарды Фаузия Шәмсиқызы Оразбаеваның еңбектерімен кітапханамыздың оқу залында танысуға шақырамыз!

Кітапхана қорын құнды еңбектермен толықтыруға үлес қосқан Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, философия докторы (PhD) Даутқұлова Ақмарал Қалиярбекқызына шынайы алғысымызды білдіреміз.

✨ Әрбір сыйға тартылған кітап — білімге бастар жол, ғылыми мұраны сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізудің бағалы мүмкіндігі.