Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінде «2022 Балалар жылы»

және 27 қыркүйек туризм күніне орай 1 курс студенттері арасында сайыс өткізілді ! Туристтер слетінің мақсаты – туризмді насихаттау, жастарға еліміздің, аймағымыздың таңғажайып табиғаты арқылы туған жеріне деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру. Өңірлік туризмді дамытуға үлес қосып, жастар арасында спорттық туризмді жетілдіру. Сондай-ақ, аймағымыздағы туристердің техникалық және тактикалық шеберліктерінің деңгейін мейлінше жоғары деңгейге көтеру. Сайыс қорытындысы бойынша Филология бөлімінен “Жалын” тобы 1 орынды қанжығасына байлады! Жеңістеріңіз құтты болсын!