📢 Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен №3 Білім-инновация мектеп-лицейінде «Оқуды алға жылжытудағы кітапхана жұмысының заманауи түрлері» тақырыбында облыстық семинар өтті.
🎯 Семинардың негізгі мақсаты – мектеп және колледж кітапханашыларына әдістемелік қолдау көрсету, үздік тәжірибелерді насихаттау, сондай-ақ кітапхана саласындағы жаңа бағыттар мен тиімді әдістерді талқылау болды.
📖 Іс-шара барысында кітапхана жұмысына қатысты өзекті мәселелер кеңінен қарастырылды. Қатысушылар Макмиллан баспасының оқу-әдістемелік кешендерімен танысып, оқырманмен серіктестік орнату жолдары, арт-терапия әдісін қолдану, кітапхананы цифрлық трансформациялау, оқырман қызығушылығын арттырудың заманауи тәсілдері және мобильді технологиялар арқылы қызмет көрсету мүмкіндіктері жөнінде тәжірибе алмасты.
✨ Семинар аясында кітапхана саласындағы көпжылдық тәжірибесімен бөлісіп, облыстағы 82 кітапханашының арасынан озық шығып, спикер ретінде баяндама жасаған Броварник Ирина Анатольевна арнайы Сертификатпен марапатталды.
💫 Іс-шара кәсіби тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар мен тың бастамаларды дамытуға үлкен серпін берді.
