«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1-курс студенттерінің ата-аналарына арналған «Білімге бастар алғашқы қадам: студенттің оқу жауапкершілігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты — ата-аналарды колледждегі оқу-тәрбие үдерісімен таныстыру, студенттердің жаңа ортаға бейімделуіне қолдау көрсету және олардың оқу жауапкершілігін қалыптастырудағы ата-ана мен колледж арасындағы өзара байланысты нығайту.
Жиналыс барысында топ кураторы Жаннұр Нұрғабылқызы ата-аналарды колледждің ішкі тәртіп ережелерімен, студенттердің оқу барысындағы жауапкершілігімен және білім алушыларға қойылатын негізгі талаптармен таныстырды.
Сонымен қатар студенттердің сабаққа тұрақты қатысуы, оқу тәртібін сақтау, тапсырмаларды уақытында орындау, колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысуы және өз уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында ата-аналарға студенттің алғашқы оқу жылында қолдау көрсетудің маңыздылығы түсіндіріліп, бала мен ата-ана, куратор және колледж арасындағы тұрақты байланыстың білім алушының табысты бейімделуі мен оқу жетістіктеріне ықпалы атап өтілді.
🤝 Жиналыс соңында ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кездесу ашық диалог пен өзара түсіністік жағдайында өтті.
🌱 Студенттің білім жолындағы алғашқы қадамы — оның болашақ кәсіби жетістіктерінің бастауы. Ал бұл жолда колледж бен ата-ананың бірлескен қолдауы маңызды рөл атқарады.
