📚 Жалпы білім беретін пәндер апталығы аясында педагог-модератор Нажмеденов Олжас Мутауович «Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында білім алушыларға еліміздің көші-қон саясатының негізгі бағыттары, оның әлеуметтік-экономикалық және құқықтық маңызы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамалары мен мемлекеттік бағдарламалар негізінде көші-қон үдерістерін реттеу тетіктері қарастырылды.
🎯 Сабақтың мақсаты:
білім алушыларға көші-қон саясатының мәнін түсіндіру, ҚР заңнамалары мен мемлекеттік бағдарламалар негізінде негізгі бағыттары мен басымдықтарын меңгерту, сондай-ақ сыни ойлау және талдау дағдыларын дамыту.
📌 Күтілетін нәтижелер:
білім алушылар көші-қон саясаты ұғымын терең түсінеді, Қазақстандағы көші-қонның негізгі бағыттарын сипаттай алады, заңнамалар мен мемлекеттік бағдарламалардың рөлін талдайды, өз пікірін дәлелді түрде жеткізіп, қорытынды жасай біледі.
✨ Сабақ интерактивті форматта ұйымдастырылып, пікірталас, сұрақ-жауап және талдау элементтері арқылы өтті. Бұл оқушылардың тақырыпты терең меңгеруіне және белсенді қатысуына ықпал етті.
