You are currently viewing Колледжден университетке: болашаққа бастар нақты қадамдар

Колледжден университетке: болашаққа бастар нақты қадамдар

🎓✨ Кәсіби бағдар беру іс-шарасы

«Экономика» кафедрасының апталығы аясында Атырау мемлекеттік университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасы Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің «Есеп және аудит» және «Менеджмент» мамандықтарының түлектеріне арналған «Колледжден университетке: табысты түсу жолының нақты қадамдары» тақырыбында кәсіби бағдар беру іс-шарасын ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – бітіруші студенттерге жоғары білім алудың мүмкіндіктерін таныстырып, университетке түсу талаптары мен болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру болды. Кездесу барысында студенттер университеттегі білім беру бағдарламалары, оқу үрдісінің ерекшеліктері және кәсіби дамудың болашағы туралы жан-жақты ақпарат алды.

👩‍🏫 PhD, қауымдастырылған профессор Кенжегалиева З.Ж. бастаған университеттің оқытушы-профессорлық құрамы «Менеджмент», «Қаржы және есеп» және «Экономика» кафедраларының қызметімен таныстырып, білім беру бағдарламалары мен студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы кеңінен айтып өтті. Сонымен қатар, қатысушыларға қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған қызықты квиз-ойындар ұйымдастырылды. 🏆💡

🎯 Студенттер белсенділік танытып, сұрақтар қойып, пікір алмасып, өздерінің болашақ кәсіби жолдарын жоспарлау жөнінде пайдалы ақпарат алды. Мұндай кездесулер жастардың білім алуға деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдарын айқындауға үлкен септігін тигізеді.

📌 Жаңа ақпараттар, пайдалы кеңестер және қызықты ойындар – барлығы бір алаңда тоғысты.