You are currently viewing Жастармен ашық диалог: жауапкершілік, белсенділік, қауіпсіздік

Жастармен ашық диалог: жауапкершілік, белсенділік, қауіпсіздік

Бүгін Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің студенттерімен мазмұнды әрі танымдық кездесу өтті.
Іс-шараға Атырау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесінің өкілдері, Полиция департаменті, ҚХА Медиация орталығының мамандары, құрылым басшылары және колледж студенттері қатысты.

«Құрылтай және қоғам: азаматтық жауапкершілік пен белсенділікті арттыру» тақырыбында өткен ақпараттық-түсіндіру кездесуі барысында Ұлттық құрылтайдың маңызы, азаматтық жауапкершілікті нығайту, жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, қоғамдағы қақтығыстардың алдын алу және медиация мәдениетін дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар, кездесуге Атырау облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі қатысып, «Интернет-алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында маңызды ақпаратпен бөлісті. Студенттерге интернеттегі алаяқтықтың кең таралған түрлері, жеке деректерді қорғау жолдары және цифрлық қауіпсіздіктің негізгі ережелері түсіндірілді.

Жастар тарапынан белсенділік жоғары болып, мазмұнды әрі нәтижелі пікір алмасу өтті.

Қауіпсіз интернет — әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі!