You are currently viewing «ТІЛІМ МЕНІҢ – ТІРЛІГІМНІҢ ТҰҒЫРЫ»

«ТІЛІМ МЕНІҢ – ТІРЛІГІМНІҢ ТҰҒЫРЫ»

Тілдер күніне орай колледжімізде студенттердің ана тіліне деген құрметін арттыру, көркем сөз оқу мәдениетін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Тілім менің – тірлігімнің тұғыры» атты колледжішілік мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.

Сайыс барысында қатысушылар қазақ ақындарының тіл, ел, ұлттық рух тақырыбындағы шығармаларын мәнеріне келтіре оқып, өздерінің сахна мәдениеті мен көркемсөз шеберліктерін танытты.

Іс-шара аясында колледж кітапханашысы Ирина Анатольевна тақырыпқа арнайы әзірленген кітап көрмесін таныстырып, тіл мен әдебиетке қатысты құнды шығармалармен таныстырды.

📚 Кітап көрмесі студенттердің әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ана тілінің қадір-қасиетін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Сайыс барысында әрбір қатысушы өз таңдаған шығармасының мазмұны мен рухын көрерменге жеткізуге тырысты. Өлең жолдары арқылы туған тілге деген сүйіспеншілік, елге деген құрмет және ұлттық рухтың биіктігі көрініс тапты. Студенттердің сахнада өзін ұстауы, дауыс ырғағы мен мәнерлеп оқу шеберлігі ерекше назар аударды. Мұндай шығармашылық шаралар жастардың әдеби талғамын қалыптастырып, ана тілін құрметтеуге тәрбиелейді. Сонымен қатар, сайыс студенттердің өз қабілеттерін ашып, көпшілік алдында еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіруге ықпал етті.

🏆 Сайыс нәтижесі бойынша:

🥇 І орын – Мұхат Оразәлі

🥈 ІІ орын – Жандосұлы Әбілмансұр, Дженисова Назира

🥉 ІІІ орын – Мырзагерей Асылзат, Олжабай Райяна, Тоқтарқызы Аяулым

👏 «Алғыс хатпен» – Муратова Фариза, Сәрсенбай Алижан, Серікқызы Фатима марапатталды.

Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды құттықтаймыз!

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухы. Ана тілімізді ардақтап, оның мәртебесін биіктете берейік!