You are currently viewing “ҮЗДІК ЖАС ЗАҢГЕРЛЕР-2026” байқауы

“ҮЗДІК ЖАС ЗАҢГЕРЛЕР-2026” байқауы

Ғылыми-әдістемелік жоспарға сәйкес, “Құқықтану” кафедрасының апталығы аясында дәстүрлі “Үздік жас заңгерлер–2026” 🏆 байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – Атырау облысындағы “Құқықтану” мамандығы бойынша білім алатын колледж студенттері арасынан үздіктерді анықтау, колледждер арасындағы байланысты нығайту және студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру 📚⚖️

Байқау қатысушылары құқық саласы бойынша теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, түрлі кезеңдерде белсенділік танытты 🔍

Байқау сарапшылары құрамында:

1) Ажикенова Акмарал Камбаровна – ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің аға прокуроры⚖️

2) Абдиев Ержан Бекболатович – Атырау облысы Адвокаттар Алқасының адвокаты 👨‍⚖️

3) Төлеген Асылхан Берікұлы– кеңесші заңгер, “ZAN SOLUTIONS” ЖШС басқарушы директоры 💼

Байқау қорытындысы бойынша:

🥇 1-орын – “Құқық шырағы”(Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі, жетекшісі Жусупова Ш.С.)

🥈 2-орын – “Құқық Star”(Атырау көпсалалы “Болашақ” жоғары колледжі)

🥉 3-орын –“Әділет” (Атырау Бизнес және құқық колледжі, жетекшісі Нұртазина А.М.)

🏅 Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Колледж қонақтары, байқау қатысушылары: “Осындай шаралар студенттердің кәсіби қызығушылығын арттырып, болашақ білікті маман ретінде қалыптасуына зор ықпал етеді” деген ашық пікірлерін қалдырды🚀

👏 Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!