You are currently viewing Жаңашылдыққа жол ашқан олимпиада: «Мен – жаңашыл педагогпін»

Жаңашылдыққа жол ашқан олимпиада: «Мен – жаңашыл педагогпін»

Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы және Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі ұйымдастыруымен 2026 жылғы 16 ақпанда өңірлік деңгейде «Мен – жаңашыл педагогпін» тақырыбында олимпиада өткізілді. Аталған шара Атырау облыстық «Сыни ойлауды дамыту» қоғамдық бірлестігі төрағасы Есқазиева Сара Тасмұхамбетқызының еңбек жолын насихаттауға, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға және білім беру үдерісінде сыни ойлау технологияларын тиімді қолдану тәжірибесін таратуға арналды. Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей марапатталды:

🥈 II орын • Орынғалиева Дильназ Жетекшісі: Нұрғабылова Ж.Н.

📜 Алғыс хатпен марапатталғандар • Бақтияр Дана Жетекшісі: Жүсіпова Ж.К. • Таңат Балжан Жетекшісі: Жумагалиева А.С.

📄 Сертификатпен марапатталғандар • Өтеулі Әсемгүл Жетекшісі: Сеймова Н.Р. • Нұрланова Мөлдір Жетекшісі: Орынбасаров Р.А.

Қатысушылардың барлығы өздерінің кәсіби дайындық деңгейін көрсетіп, сыни ойлау стратегияларын тиімді қолдана білетінін дәлелдеді.