You are currently viewing 25.03.2022 жылы «Worldskills Аtyrau -2022»

25.03.2022 жылы «Worldskills Аtyrau -2022»

Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінде 25.03.2022 жылы «Worldskills Аtyrau -2022» чемпионатының колледжішілік кезеңінің ашылуы, салтанатты түрде өтті. Колледж басшысы М.Х.Мұхтаров чемпионаттың барлық қатысушыларына сәттілік тілеп ашық деп жариялады.
Биылғы жылы облыстық чемпионатқа 6 құзыреттілік бойынша 16 білім алушы өздерінің дағдыларымен кәсіптік шеберліктерін сынағалы отыр. Чемпионат мынадай мамандықтар бойынша мықтыларды анықтайды.
 Компьютерлік ойындар үшін 3D модельдеу .
 Веб технологиялар
 Графикалық дизайн
 Бизнеске арналған IT шешімдер
 Видео өндіру
 CAD инженерлік графика
Бүгінгі іс шараға Атырау облысы әдістемелік орталық пен әлеуметтік серіктес мекемелерден қонақтар қатысты. Әлеуметтік серіктес мекеме өкілдері және қонақтар қатысушыларға және сарапшыларға сәттілік тіледі. Дәл бүгін ашылу салтанатынан кейін 2 құзыреттілік бойынша чемпионат бастылып кетті. Олар, Компьютерлік ойындар үшін 3D модельдеу , Бизнеске арналған IT шешімдер .Жетекшілері: Сисенов Әбілхайыр Аділханұлы, Шестерикова Анара Ерболатовна

➢ Чемпионаттың конкурстық бөлігі 25 наурыз-01сәуір аралығында колледж базасында өтеді.