Ғылыми-әдістемелік жоспарға сәйкес, “Құқықтану” кафедрасының апталығы аясында дәстүрлі “Үздік жас заңгерлер–2026” 🏆 байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – Атырау облысындағы “Құқықтану” мамандығы бойынша білім алатын колледж студенттері арасынан үздіктерді анықтау, колледждер арасындағы байланысты нығайту және студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру 📚⚖️
Байқау қатысушылары құқық саласы бойынша теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, түрлі кезеңдерде белсенділік танытты 🔍
Байқау сарапшылары құрамында:
1) Ажикенова Акмарал Камбаровна – ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің аға прокуроры⚖️
2) Абдиев Ержан Бекболатович – Атырау облысы Адвокаттар Алқасының адвокаты 👨⚖️
3) Төлеген Асылхан Берікұлы– кеңесші заңгер, “ZAN SOLUTIONS” ЖШС басқарушы директоры 💼
Байқау қорытындысы бойынша:
🥇 1-орын – “Құқық шырағы”(Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі, жетекшісі Жусупова Ш.С.)
🥈 2-орын – “Құқық Star”(Атырау көпсалалы “Болашақ” жоғары колледжі)
🥉 3-орын –“Әділет” (Атырау Бизнес және құқық колледжі, жетекшісі Нұртазина А.М.)
🏅 Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Колледж қонақтары, байқау қатысушылары: “Осындай шаралар студенттердің кәсіби қызығушылығын арттырып, болашақ білікті маман ретінде қалыптасуына зор ықпал етеді” деген ашық пікірлерін қалдырды🚀
👏 Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
