Колледжімізде БҚЕ/25.11 тобының студенттеріне физика пәні оқытушысы, магистр, педагог-тәлімгер Даутова Айгуль Саурбаевна өзінің машықкерлері Х.Досмухамедов атындағы университеттің “Физика” білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Наурызғали Дильназ, Ғаниқызы Қарақат, Нуғманова Динарамен «Бір полюсті екі бағытты қосқыш арқылы электроқозғалтқыштың тура және кері айналуын іске асыру» тақырыбында зертханалық дуэт сабақ өткізді. ⚡
Студенттер электр тізбегін құрастырып, ток бағытын өзгерту арқылы электроқозғалтқыштың айналуын тәжірибе жүзінде бақылап, теория мен практиканы ұштастырды.
Бұл дуэт сабақ болашақ мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға және практикалық дағдыларын дамытуға үлкен мүмкіндік берді. 💡
