You are currently viewing Шахматтан облыстық спартакиадада — жүлделі II орын

Шахматтан облыстық спартакиадада — жүлделі II орын

18–19 ақпан күндері Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі базасында орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында ұйымдастырылған Ұлттық спорт лигасының облыстық спартакиадасы аясында шахматтан жарыс өтті.

Тартысты додаға облыс бойынша 12 колледждің командалары қатысып, өзара шеберлік байқасты. Зияткерлік ойынды жоғары деңгейде меңгерген біздің студенттеріміз байсалды тактикасы мен терең стратегиялық ойлау қабілетінің арқасында қарсыластарынан оқ бойы озып, жүлделі II орынды иеленді.

Колледж намысын абыроймен қорғаған студенттер:

  • Қабол Досжан

  • Бауыржан Нұралы

  • Жолдаспаев Темирлан

  • Қанатқызы Айжан

Жарыс барысында қатысушылар тек логикалық ойлау мен есептеу шеберлігін ғана емес, төзімділік пен жауапкершілікті де көрсете білді. Әр партия — табандылық пен салқынқанды шешім қабылдаудың үлгісіне айналды.

Бұл жетістік — жүйелі дайындық пен командалық бірліктің нәтижесі. Жас шахматшыларымызды лайықты жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз.