2026 жылғы 15 қазанда Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Саламат Мұқашевтың туған күніне орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында әскери-қолданбалы спорт жарысы өтті.
🏅 Аталған жарыста колледжіміздің студенттері жоғары дайындықтарын, ұйымшылдықтарын және жеңіске деген жігерлерін көрсетіп, жүлделі III орынға ие болды.
Мұндай жарыстар жастардың дене дайындығын шыңдауға, төзімділік пен тәртіпті қалыптастыруға, командалық рухты нығайтуға және Отан алдындағы жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етеді.
👏 Жүлделі орынға ие болған студенттерді және олардың жетекшісі Ахметов Тұрлан Еркінұлын шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, жаңа белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз. Жеңісті күндеріңіз көп болып, алар асуларыңыз биік болсын!
Жеңістеріңіз құтты болсын! 💪
