📜📝 Академиялық ынтымақтастық — серіктестіктің жаңа кезеңі
Ж.К. Букенов атындағы Қарағанды банк колледжі 🏦 (Қарағанды қаласы) және Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі 🌊🎓 (Атырау қаласы) академиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 🤝✨
🎯 Меморандумның мақсаты
Білім беру саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыру және кәсіби тәжірибе алмасуды дамыту келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:
- 📘 04110100 — Есеп және аудит
- 💳 04120100 — Банк және сақтандыру ісі
- 📊 04130100 — Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша)
✅ Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары
- 🎓 Мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын бірлесіп іске асыру
- 👩🏫👨🏫 Арнайы пән оқытушыларының аймақтық тәжірибе алмасуы (стажировка)
- 🌍 Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру
- 📝 Оқу-әдістемелік, ғылыми және нормативтік құжаттарды бірлесе әзірлеу және жаңарту
- 🏆 Халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми-практикалық конференциялар мен жобаларды бірлесіп өткізу
