You are currently viewing Екі өңір – бір мақсат: колледждер арасындағы академиялық ынтымақтастық меморандумы

Екі өңір – бір мақсат: колледждер арасындағы академиялық ынтымақтастық меморандумы

📜📝 Академиялық ынтымақтастық — серіктестіктің жаңа кезеңі

Ж.К. Букенов атындағы Қарағанды банк колледжі 🏦 (Қарағанды қаласы) және Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі 🌊🎓 (Атырау қаласы) академиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 🤝✨

🎯 Меморандумның мақсаты

Білім беру саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыру және кәсіби тәжірибе алмасуды дамыту келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:

  • 📘 04110100 — Есеп және аудит
  • 💳 04120100 — Банк және сақтандыру ісі
  • 📊 04130100 — Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша)

✅ Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары

  • 🎓 Мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын бірлесіп іске асыру
  • 👩‍🏫👨‍🏫 Арнайы пән оқытушыларының аймақтық тәжірибе алмасуы (стажировка)
  • 🌍 Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру
  • 📝 Оқу-әдістемелік, ғылыми және нормативтік құжаттарды бірлесе әзірлеу және жаңарту
  • 🏆 Халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми-практикалық конференциялар мен жобаларды бірлесіп өткізу