You are currently viewing «Үздік оқытушы-ұйымдастырушы-2022» облыстық байқауы

«Үздік оқытушы-ұйымдастырушы-2022» облыстық байқауы

Қараша айының 26-сы күні алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша “Үздік оқытушы-ұйымдастырушы-2022” облыстық байқау өтті.
Байқаудың мақсаты студенттер мен ата-аналар арасында, қоғамда жоғары рейтингі бар білім беру мекемелерінің шығармашыл тұрғыда жұмыс істейтін оқытушыларды анықтау еді. Облыстық байқау 7 кезеңнен өтті.
Облыстың үздік оқытушылары бас қосқан сайыста колледж атынан алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Ахметов Тұрлан Еркінұлы қатынасқан болатын. Әріптесіміз өзінің білімділігімен, жаңашылдығымен, шығармашыл әлеуетінің жоғарылығымен қатарластарынан оқ бойы оза шауып, жүлделі ІІ орынға ие болды.