You are currently viewing Сіздерді көктем лебімен бірге келген 22 Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерді көктем лебімен бірге келген 22 Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті Жоғары колледж ұжымы, ата-аналар, студенттер!

Сіздерді көктем лебімен бірге келген 22 Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – жақысылықтың жаршысы, жаңа жылдың, жаңа күннің бастауы. Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі Жоғары колледжіміз үшін бірлік пен қуанышқа, ырыс пен молшылыққа, қоржынымыз жаңа жетістіктерге толы жыл болсын!

Барыс жылында еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, әр шаңырақта бақыт пен береке салтанат құрсын!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Жылымыз ырысты болсын!

Құрметпен,

Жоғары колледж директоры

Мұстахим Харенұлы