You are currently viewing Ақпанның 9 жұлдызы жыр жүйрігі,Хантәңірінің Мұзбалағы,тұнып тұрған талант

Ақпанның 9 жұлдызы жыр жүйрігі,Хантәңірінің Мұзбалағы,тұнып тұрған талант

Ақпанның 9 жұлдызы жыр жүйрігі,Хантәңірінің Мұзбалағы,тұнып тұрған талант иесі,дарынды дарабоз,миллион сырлы сезімнің иесі Мұқағали Мақатаев Сүлейменұлының дүние есігін ашып,қазақ даласының біртуар перзентпен толыққан күні.
Мұқағали атамыз тірі болса,91 жасқа келер еді.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан 1.20.21 және 1.21.11 тобының студенттерінің қатысуымен «Мұқағалиды тірілтіп алып…» атты қойылым сахналанды.
Қойылым авторы қазақ тілі мен әдебиеті пәннің оқытушысы Рахымжан Асқарұлы. Қойылымда студенттер Мұқағалидың өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп оқып, ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқады.

Ұйымдастырған әріптесімізге, қатысқан студенттерге өз алғысымызды білдіреміз!