VІІІ Халық ойындарына Атырау облысының құрамасын іріктеу жарысында “Қол күресі” спорт түрі бойынша Ақбөбек Жұмасерікқызы үздік өнер көрсетіп, І орын иеленді. 💪🔥
Бұл жарысқа өңірдің мықты спортшылары қатысып, өзара бақ сынады. Осындай тартысты додада жеңіске жету — үлкен еңбек пен жоғары дайындықтың нәтижесі.
✨ Ақбөбектің бұл жетістігі — табандылықтың, қайсар мінездің және спортқа деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі. Жеңімпазымыз Атырау облысының намысын республикалық кезеңде қорғайтын болады.
🇰🇿 Республикаға жолдамаңыз құтты болсын! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруіңізге тілектеспіз! 👏🔥
