Кәсіби бағдар беру-2026 жоспарына сәйкес, «Автоматика, электроника және мұнай-газ» кафедрасының апталығы аясында Абай атындағы №15 орта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өткізілді 🎓
Іс-шара барысында оқушылар ⚙️ Автоматика және басқару, 🔌 Электроника, 🛢️ Мұнай-газ ісі бағыттары бойынша ұйымдастырылған лабораториялық жұмыстарға қатысып, автоматтандырылған басқару жүйелерімен, электрондық элементтермен және өндірістік жабдықтар макеттерімен танысты 🔬 Сонымен қатар 👷♂️ еңбек және өндірістік қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. 🎯
Ашық есік күнінің негізгі мақсаты: ✔️ Оқушыларды техникалық мамандықтармен таныстыру ✔️ Теориялық білімді практикамен ұштастыру ✔️ Болашақ мамандық таңдауға кәсіби бағыт-бағдар беру 🚀
