You are currently viewing Профилактикалық кездесу: құқықбұзушылық пен қауіпсіздік

Профилактикалық кездесу: құқықбұзушылық пен қауіпсіздік

2026 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының тапсырмасына сәйкес, колледжде Атырау қаласы Полиция басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық кездесу өткізілді.

Іс-шара білім беру ұйымдарында құқықбұзушылықтар мен түрлі келеңсіз оқиғалардың алдын алу, олардың жолын кесу, сондай-ақ студенттер арасында заң талаптарын сақтау бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесуге Атырау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қатысты:

  • Зиноллин Заманбек – Атырау қаласы Полиция басқармасы АБ бөлімінің бастығы, полиция майоры;

  • Дюсенгалиева Ботагөз – Атырау қаласы Полиция басқармасы ҚҚБ ЮПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны;

  • Сабырғали Бағытжан Бауыржанұлы – Атырау қаласы Полиция басқармасы ҚҚБ аға учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты;

  • Бауыржан Нұрасыл – полицияның кіші сержанты.

Кездесу барысында студенттерге Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, құқықбұзушылықтар мен қылмыстық әрекеттердің алдын алу, жеке қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау, зорлық-зомбылыққа жол бермеу және түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар студенттерге құқықтық жауапкершілік, заң талаптарын орындаудың маңыздылығы және қиын жағдайлар туындаған кезде тиісті органдарға жүгіну қажеттігі түсіндірілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге ықпал ету.