You are currently viewing 🏀 Жеңіс жолындағы табандылық

🏀 Жеңіс жолындағы табандылық

27–28 ақпан күндері Орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңінде ұлдар арасындағы баскетбол жарысында Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі 10 команда арасынан жүлделі II орынды иеленді.

Тартысты әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған додада біздің құрама ұйымшылдығы мен кәсіби шеберлігін көрсетіп, әр ойында табандылық танытты. Команданың үйлесімді ойыны мен жеңіске деген жігері олардың жоғары нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндік берді.

Аталған турнирде колледжіміздің студенті Исаев Мансур ерекше ойынымен көзге түсіп, «Үздік ойыншы» атағына ие болды. Бұл – тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар бүкіл команданың еңбегінің жемісі.

Спортшыларымыз бен жаттықтырушылар құрамын лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Жеңісті күндер көп болсын, алар асулар әлі алда!