You are currently viewing Кәсіби шеберлік жеңісі: колледж психологы – облыстық байқау жүлдегері

Кәсіби шеберлік жеңісі: колледж психологы – облыстық байқау жүлдегері

16 ақпан күні Атырау облыстық психологиялық қолдау орталығы ұйымдастырған «Үздік жыл психологі» облыстық кезеңінде Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі педагог-психологы Даулетқалиева Н.Т. жүлделі орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.

Аталған байқау психолог мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға, үздік тәжірибелерді анықтап, қолдауға және білім беру жүйесінде инновациялық тәсілдерді дамытуға бағытталған. Байқау барысында қатысушылар тәжірибеде қолданылып жүрген, психологиялық-педагогикалық өзекті мәселелерді шешуге арналған авторлық бағдарламаларын қорғады.

Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі психологының кәсіби құзыреттілігі, шығармашылық ізденісі, әдістемелік жүйелілігі, педагогикалық тәжірибесі мен жаңашыл бастамалары қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды. Ұсынылған бағдарлама ғылыми негізділігімен, практикалық маңыздылығымен және тиімділігімен ерекшеленді.

Бұл жетістік – колледжіміздің абыройын арттыратын маңызды жеңіс.

Даулетқалиева Н.Т.-ны лайықты жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, республикалық кезеңде сәттілік пен жоғары нәтижелер тілейміз!