Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінде 1-курс студенттерінің шығармашылық қабілеттерін танытуға арналған «Біз таланттарды іздейміз!» байқауы жоғары деңгейде өтті.
Байқау барысында студенттер өздерінің өнердегі ерекше қырларын көрсетіп, ән, би, көркем сөз және басқа да шығармашылық бағыттар бойынша өнерлерін ортаға салды.
🎤 Әр қатысушы өз таланты мен шеберлігін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Байқау жас таланттарды қолдауға, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және колледж өміріне белсенді араласуына мүмкіндік берді. Талант – әр адамның бойындағы ерекше қабілет. Ал оны таныту – батылдық пен еңбекті қажет етеді!
Барша қатысушыларға белсенділіктері мен өнерге деген сүйіспеншіліктері үшін алғыс білдіреміз!
Жас таланттарымыздың шығармашылық жолына сәттілік тілейміз!
