You are currently viewing 🎓 «Future Market» — болашақ мамандықтарға бағыт берген маңызды алаң

🎓 «Future Market» — болашақ мамандықтарға бағыт берген маңызды алаң

📢 Атырау қаласында “Келешек мектептер” жобасы аясында салынған жаңа заманауи №51 жалпы орта білім беретін мектепте 9–11 сынып оқушыларына арналған «Future Market – Болашақ мамандықтар алаңы» атты кәсіби бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды.

🎯 Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға көмектесу, сондай-ақ қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат ұсыну болды.

👩‍🏫 Кездесу барысында Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің педагогтері:
🔹 Забиева М.М.
🔹 Орынғалиева Н.Т.
🔹 Канат Б.

оқушылармен ашық форматта пікір алмасып, колледждегі мамандықтар, білім беру бағдарламалары, студенттерге жасалған мүмкіндіктер және кәсіби даму бағыттары туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

💬 Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандық таңдауда маңызды ақпараттармен танысты. Кездесу барысында заманауи мамандықтардың ерекшеліктері, еңбек нарығындағы өзгерістер және кәсіби біліктіліктің маңыздылығы туралы да айтылды.

✨ Осындай кәсіби бағдар беру кездесулері жастардың өз болашағына сенімді қадам жасауына, саналы түрде мамандық таңдауына және жеке қабілеттерін дамытуына үлкен ықпал етеді.

🤝 Колледж бен мектеп арасындағы мұндай ынтымақтастық білім алушылардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастырып, олардың кәсіби бағдарын айқындауға мүмкіндік береді.